Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры болып Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков тағайындалды.
Секен Кәрімұлы Үржар ауданында дүниеге келген. Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыка училищесін, кейін Құрманғазы атындағы консерваторияны профессор М.Әубәкіровтің класында тәмамдаған. Ол – «Жігер» фестивалінің, Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі.
Еңбек жолын «Сазген» ансамблінен бастап, «Ақ жауын» ансамблі мен оркестрін құрып, оны халықаралық деңгейге көтерді. Оркестр Жапония, Қытай, Моңғолия, Франция, Германия және өзге де елдерде гастрольдік сапармен өнер көрсетті. Осы уақытқа дейін ол Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақ жауын» халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келді.
Бұған қоса Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Жанжігіт Омархан облыстық Абай театрына актер Нартай Сарсебаевты тағайындады.
– Нартай Сауданбекұлы – кино және театр актері, жазушы, драматург, аудармашы, тележүргізуші, сондай-ақ дубляж актері. Театр саласын бес саусағындай меңгерген, тәжірибесі мол кәсіби маман. Сондықтан бұл жауапты қызметті абыроймен атқаратынына сенім білдіремін, – деді Жанжігіт Омархан.
Абай облысы
Соңғы жаңалықтар
Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты
Ауыл • Бүгін, 09:40
Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі
Пікір • Бүгін, 09:38
Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол
Технология • Бүгін, 09:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30
Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Басылым • Бүгін, 09:28
Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:25
Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт
Әлем • Бүгін, 09:23
Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?
Мәдениет • Бүгін, 09:20
Білім • Бүгін, 09:15
Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды
Саясат • Бүгін, 09:12
Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері
Пікір • Бүгін, 09:10
Бизнес және жайлы іскерлік орта
Саясат • Бүгін, 09:07
Пікір • Бүгін, 09:05
Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қоғам • Бүгін, 08:57