Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлағандай, күдіктілер қылмыс жасағаннан кейін бір тәулік ішінде Қазақстан аумағынан ізін суытып үлгерген.
Олардың бесеуі екі аптадан кейін анықталып, ұсталған. Дейтұрғанмен іздестіру жұмыстары мұнымен аяқталған жоқ.
- Аталған қылмыс бойынша Ресей Федерациясымен өзара іс-қимыл әлі де жалғасып келеді.
Жақында Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Грузия мен Армения сияқты елдерге іссапармен барды, біздің ақпаратымыз бойынша ол жақта бұл қылмысқа қатысушылар бар.
Аталған мемлекеттер тарапынан жан-жақты құқықтық көмек көрсетілді. Онда тергеу іс-шараларының қажетті көлемі жүргізілді.
Бұл материалдар Ресей Федерациясының прокуратурасына жіберіледі, - деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Полиция қылмыстық істің не себепті Ресейге берілгенін де түсіндірді. Айтуларынша, барлық күдікті - көрші мемлекеттің азаматтары.