Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты.. АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Халық кеңесін құруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ұлттық құрылтайдың кешегі отырысында Тоқаев Халық кеңесі құрылатынын мәлімдеген болатын.
Бұл мемлекеттік органға заңнамалық бастамаларды көтеруге де құзірет беріледі.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың ойынша, Халық кеңесі парламенттің баламасы болмайды."Бұл – мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір.
Оған этно-мәдени орталықтардың, ірі қоғамдық бірлестіктердің, мәслихаттар мен аймақтардағы қоғамдық кеңестердің мүше болуы ашықтықты арттырып, нәтижелі жұмысқа арқау болады.Осылайша, біз саяси коммуникацияның тың форматына көшеміз.
Жаңа саяси мәдениетке жол ашамыз. Халық кеңесі – елдегі ең жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады", - деді Қошанов мәжілістің бү
Менің ойымша, тарихи тұрғыдан да, қазіргі заман тұрғысынан да Парламенттің табиғатын аша түсетін атау.
Құрылтай – қай кезеңде де дала демократиясының негізі болған. Ежелден ұлт тағдырын айқындаған, ел аманатын арқалаған институт.