Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігі Халық кеңесінің қызметіне бөлінетін қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құрылтайдың қарауына 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің жобасы түсті. Бүгін қаржы министрлігі оны депутаттарға таныстырды. Халық кеңесіне бір жылда бөлінетін қаржының көлемі де жарияланды.
"Бізде қосымша жаңа бюджеттік бағдарлама әкімшісі пайда болды, яғни, Халық кеңесі. Осы Қазақстан Халық кеңесінің қызметіне 1,7 млрд теңге қарастырып отырмыз", - деді қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы.
Айта кетері, бұған дейін Тоқаев Халық кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты бастауды тапсырған болатын.