Халық менің шын атым : Алматыда Жамбыл Жабаевтың мұрасы ұлықталды

19.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық меройтойына арналған «Халық менің шын атым» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға музей және архив саласының өкілдері, өнер қайраткерлері, зерттеушілер, сондай-ақ ақынның немересі Салтанат Жамбыл қатысып, өз пікірі мен естеліктерін бөлісті. 

Кеш аясында архив қорынан алынған 1932–1946 жылдардағы сирек фотоқұжаттар негізінде көрме ұйымдастырылды.

— «Архив–2025» бағдарламасы бойынша Ресей дыбыс архивінен алынған Жамбыл Жабаев дауысының аудиожазбасы көрерменге ұсынылды.Іс-шара барысында «Жамбыл» атты көркем фильм көрсетілді. Фильмде ақынның өмір жолы, шығармашылығы мен түрлі тарихи кезеңдегі қоғамдық рөлі баяндалады, — делінген хабарламада.

Осыған дейін 28 ақпанда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні екенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью