Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани ордасы іспетті Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының биылғы гастрольдік сапары Талдықорған өңірінен бастау алған еді. Осы өнер сапары 8-10 сәуір күндері Алматы қаласында жалғасты.
Аймақтық театрдың өнер тәбәрігін ала келген труппаның сапары мегаполистің мәдени өмірінде айшықты оқиғаға айналды. Аталған театрдың Алматыдағы гастролі балаларға арналған «Аладдин» ертегісімен шымылдығын (авторы: Б.Шолпанқұл) ашты. С.Левицкийдің «Джудит жасаған қиын таңдау» атты балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоуы, Жангелді Садықов қойған «Алғашқы махаббат» комедиясы, Азамат Нығмановтың «Ұждан» әпсанасы (авторы: Ш.Құдайбердіұлы) мен режиссер Жұлдызбек Жұманбай қойған «Балам, қашан келесің?..» драмасы (авторы: С.Сыбанбай) үш күн бойы көрерменді ерекше әсерге бөледі.
– Осынау гастрольдік сапар сонау шалғайда жатқан Ертіс-Баян өңіріндегі театрдың өзіндік есеп беруі мен репертуар таныстыруы десек те болады. Көрермендер барлық қойылымды жақсы қабылдады. Гастрольдік сапар көңілімізден шықты. Көрермен қошеметіне бөлендік. Бірқатар республикалық, халықаралық театр фестивалінің талай жүлдесін жеңіп алған «Ұждан» қойылымы мен жуырда сахналанған «Балам, қашан келесің?..» драмасына билеттер алдын ала түгел сатылып кеткендіктен, «Балам, қашан келесің?..» қойылымын қайталап қоюға тура келді, – дейді «Аладдин» ертегісінің режиссері әрі театрдың актері Бауыржан Манатбекұлы.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Саясат • Бүгін, 08:02
Жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасы
Саясат • Бүгін, 08:00
Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр
Саясат • Бүгін, 07:55
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
Саясат • Бүгін, 07:50
Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді
Әлем • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше