Халық сенімі, жаңа Конституция және мемлекеттік басқарудың жауапкершілігі

20.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл – бір күнде нәтиже беретін жұмыс емес. Дегенмен мемлекеттің құқықтық негізін жаңартып, басқару жүйесін қайта қалыптастыруға бағытталған шешімдердің ел болашағы үшін маңызы зор.

Республикалық референдум елдің саяси дамуындағы маңызды кезеңге ай­налып, шілдеде күшіне енген жаңа Конс­титуция мемлекеттік басқарудың жаңар­тыл­ған моделіне құқықтық негіз қалады. Жаңа Ата заңның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғам­дық диалогты дамытуға және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға ба­сымдық берілуі. Білім, ғылым мен ин­новацияның ел дамуының стратегиялық ба­ғыттары ретінде бекітілуі де айрықша назар аударуға тұрарлық. Себебі бүгінгі бә­секелі әлемде мемлекеттің қуаты оның та­биғи байлығымен ғана емес, адами ка­питалымен, азаматтарының білімімен жә­не қоғамдағы әділеттілік деңгейімен өл­шенеді. Конституцияның ел игілігіне ба­ғытталған маңызды тұстарының бірі – оның қағидаттары мен нормаларын нақ­ты заңнамалық тетіктер арқылы іске асыру. Жаңа Конституция күшіне енгенге дейін және одан кейінгі алғашқы кезеңде оны жүзеге асыруға арналған тоғыз заң­на­малық топтама қабылданды. Бес дербес конс­титуциялық заң қабылданып, қол­даныстағы тоғыз конституциялық заңға, 15 кодекске және 51 заңға өзгерістер ен­гізіліп, олар жаңа Конституцияға сәй­кес­тендірілді. Бұл – құқықтық жүйені жаңар­ту жолындағы ауқымды жұмыс. Ендігі мін­дет – заңдардың өзара үйлесімділігін қам­тамасыз етіп, олардың әрбір азаматтың құ­қығы мен мүддесін қорғауға қызмет етуі­не қол жеткізу.

Президенттің жаңа саяси рефор­ма­лары аясында Вице-Президент инсти­ту­тын енгізу мен Әділет партиясын құру мә­с­елелері мемлекеттік басқару жүйесін жаң­ғырту, саяси институттардың жауап­кер­шілігін арттыру және қоғам мен билік ара­сындағы байланысты нығайту тұрғы­сы­нан қарастырылуы мүмкін. Вице-Пре­зи­дентке жүктелетін негізгі міндеттер мем­лекеттік саясаттың сабақтастығын қам­тамасыз етуге, Президент тапсыр­ма­лары­ның орындалуына жәрдемдесуге, мем­лекеттік органдардың өзара іс-қи­мылын үйлестіруге және Қазақстанның ха­лықаралық байланыстарын дамытуға ба­ғытталуы ықтимал. Ал Әділет партия­сы­ның саяси жүйедегі орны заң үстемдігін ор­нықтыру, азаматтардың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғау, әлеуметтік әді­леттілік қағидаттарын ілгерілету және ха­­лықтың талап-тілегін саяси шешімдерге жет­кізу сияқты міндеттермен айқындалуы мүмкін.

Бұл бастамалардың нәтижелілігі олар­дың атауымен емес, нақты істерімен, ха­лықтың күнделікті өміріне тигізетін пай­дасымен өлшенеді. Вице-Президент инс­титутының өкілеттіктері Конституция мен Президент жарлығында айқындалған, ал «Әділет» партиясы өз бағдарламасында әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық, жауап­кершілік және өрлеу құнды­лық­тарын басшылыққа алатынын мәлімдеген. Осы міндеттер жүйелі жүзеге асқан жағ­дайда, саяси реформалар мемлекеттік бас­қарудың тиімділігін арттыруға, аза­маттардың өтініштері мен ұсыныстарына ден қоюға және заң алдындағы теңдік қа­ғи­датын нығайтуға ықпал ете алады. Өйт­кені елдің өркендеуі – жаңа инсти­тут­тар құрумен ғана шектелмей, сол инс­титуттардың халық сенімін ақтап, әр аза­маттың құқығы қорғалып, еңбегі баға­ланатын қоғам қалыптастыруымен құнды.

Саяси реформалардың маңызды ба­ғыт­тарының бірі – қос палаталы Пар­ла­мент­тің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай құру. Оның депу­тат­тары бес жыл мерзімге біртұтас жал­пыұлттық сайлау округі бойынша про­пор­цио­налды жүйемен сайланады. Бұл жүйе­де саяси партиялардың рөлі артып, олар­дың қоғам алдындағы жауапкершілігі кү­шейе түседі. Партиялар халықтың нақ­ты сұранысын ескеріп, өз бағдарламаларын ұсынуға, сол бағдарламалар бойынша жауап беруге тиіс. Құрылтайдың міндеті заң қабылдаумен ғана шектелмейді. Ол қо­ғамды толғандырған мәселелерді ашық тал­қылап, мемлекеттік саясаттың сапасын арттыруға, Үкімет қызметіне пәрменді ба­­­қылау жасауға және азаматтардың мүд­д­есін заңнамалық деңгейде қорғауға ық­пал ететін болды. «Күшті Президент – ық­палды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» қағидатының мәні де осында. Мемлекеттік биліктің әр буыны өз міндетін нақты атқарып, қабылдаған шешімі үшін жауап бергенде ғана басқару жүйесінің тиімділігі артады.

Жаңа саяси құрылымдағы тағы бір маңыз­ды институт – Қазақстан Халық Кеңесі. Конституцияда ол халықтың мүд­десін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган ретінде айқын­дал­ған. Оның заң шығару бастамасы құқы­ғы­ның болуы қоғамдық ұсыныстарды мем­лекеттік саясатқа енгізудің қосымша мүм­кіндігін қалыптастырады. Бұл – қоғам мен билік арасындағы байланысты ны­ғайтуға бағытталған маңызды тетік. Алай­да Халық Кеңесінің тиімділігі оның мәртебесімен ғана емес, нақты жұ­мы­сы­мен бағалауға болатындықтан, азамат­тар­дың, қоғамдық ұйымдардың және түр­лі әлеуметтік топтардың ұсыныстарын жи­нақтап қана қоймай, олардың мемле­кет­тік шешімдерде ескерілуіне ықпал етуін Президентіміз нақты міндет етіп көрсетті. Халықтың сөзі тыңдалып, көтерген мәсе­лесі жауапсыз қалмай, ұсынысы нақты ше­шімге айналғанда ғана қоғамдық ди­а­логтың шынайы нәтижесі көрінеді.

Ал жуырда Президенттің барлық дең­гейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жар­лық­қа қол қоюы да мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістердің жалғасы болды. Құжатқа сәйкес, мәслихат депутаттары­ның кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру міндеті Орталық сайлау комиссиясына жүк­телді. Бұл шешім жергілікті өкілді ор­гандардың жұмысын жаңа консти­туция­лық және құқықтық тәртіпке сәйкес­тен­діру кезеңін бастады. Мәслихаттар – ха­лық­тың жергілікті жердегі мүддесін біл­ді­ре­тін негізгі өкілді органдар. Олар өңір­­лерді дамыту бағдарламаларын, жер­­гілікті бюджеттерді қарап, әкім­дік­тер­д­ің қызметіне бақылау жасайды. Сон­дық­тан мәслихаттардың жаңартылған құ­ра­мын қалыптастыру жергілікті басқарудың са­пасы үшін ерекше маңызды. Алдағы сай­лауда тұрғындардың нақты мәселесін бі­летін, халықпен тұрақты байланыс ор­нататын, берген уәдесіне жауап бере ала­тын азаматтардың сайлануы өңірлердің дамуына оң ықпал етуі керек.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының шынайы мәні де осы жер­ден көрінеді. Халықпен байланыс тек қоғамдық қабылдаулар өткізумен немесе өтініштерге жауап берумен шектелмеуі қажет. Азаматтың пікірі шешім қабылдау ке­зінде ескеріліп, жергілікті бюджет пен да­му жоспарлары қоғам талқысынан өтіп, мемлекеттік органдардың жұмысы ашық ба­ғалануы керек. Адамдар өздері тұратын ел­ді мекендегі жол, мектеп, денсаулық сақ­тау, жұмыс орындары, әлеуметтік қол­дау мәселелеріне қатысты ұсыныстарын айтып қана қоймай, олардың орындалу барысын да бақылай алуға тиіс. Мұндай жүйеде халықтың сенімі құр сөзбен емес, күн­делікті нәтижемен қалыптасады. Мем­лекеттік орган азаматтың мәселесін ше­шсе, депутат тұрғындардың талабын тиіс­ті деңгейге жеткізсе, Үкімет қабыл­да­ған шешімінің нәтижесін ашық тү­сін­дір­се, халық пен билік арасындағы байланыс ны­ғаяды. Ал сындарлы сын мен қоғамдық ба­қылауға мүмкіндік беру мемлекеттік бас­қаруды әлсіретпейді, керісінше, оның са­пасын арттырады. Конституцияда бе­кі­тілген қағидаттардың орындалуы, жаңа инс­титуттардың тиімді жұмыс істеуі және заң­дардың азаматтардың мүддесіне қыз­мет етуі – баршамызға ортақ жауап­кер­шілік.

Бүгін Қазақстанның алдында жаңа сая­си құрылымдарды қалыптастырумен қа­тар, мемлекеттік басқару мәдениетін өз­герту міндеті тұр. Әділ шешім қабылдау, ха­лықпен ашық сөйлесу, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну және әрбір аза­маттың құқығын қорғау қалыпты тә­жіри­беге айналуы қажет. Реформалардың шы­найы нәтижесі осындай күнделікті іс­терден көрінеді. Мен Президенттің сая­си жаңғыру бағытын елдің болашағына ба­ғытталған маңызды қадам деп баға­лай­мын. Жаңа Конституцияның қабылдануы, Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы, сайлау жүйесінің жаңаруы және жер­гілікті өкілді органдарды қайта қалып­тас­тыру – мемлекеттік басқаруды жетіл­діру­ге арналған өзара байланысты өзге­ріс­тер. Ендігі кезекте олардың әрқайсысы ха­лықтың өмір сапасын жақсартуға, әді­лет­тілікті нығайтуға және азаматтардың мем­лекетке деген сенімін арттыруға қыз­мет етуі керек. Өйткені елдің ең үлкен бай­­лығы – халықтың сенімі.

Қазақстанның Еуропа мен Азия ара­сындағы географиялық орны – зор эко­номикалық мүмкіндік. Бірақ бұл артық­шы­лықты нақты табысқа айналдыру үшін теміржолдар мен автомобиль жолдарын жаңғыртып, шекаралық өткізу бекеттерін жетілдіріп, порттар мен жүк терминал­дары­ның өткізу қабілетін арттыру қажет. Қазіргі халықаралық сауда жағдайында тауарды өндіру ғана жеткіліксіз, оны ме­желі нарыққа уақытында, қауіпсіз әрі бә­секеге қабілетті бағамен жеткізу де эко­номикалық табыстың маңызды шар­ты. Былтырғы жылғы көлік саласының қо­рытындылары осы бағыттағы өзгеріс­терді нақты көрсетеді. Қазақстанның Көлік министрлігінің ресми ақпараты бойын­ша, сол жылы теміржол арқылы 320 миллион тонна жүк тасымалданған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға көп. Сонымен бірге 4,4 мың шақырымнан ас­там теміржолда жөндеу жұмыстары жүр­гізілген. «Достық – Мойынты» темір­­жо­лының екінші желісі мен Алматы қ­а­ла­сын айналып өтетін теміржол желісі іс­ке қосылған. Бұдан бөлек, 775 локомотив жет­кізу және 124 теміржол вокзалын жаң­ғырту жөнінде келісімшарттар жасалған. Бұл­ көрсеткіштердің әрқайсысының эко­но­микалық мәні бар.

Қазақстан үшін Каспий теңізі арқылы өте­тін Транскаспий халықаралық көлік ба­ғытының, яғни Орта дәліздің де маңызы зор. Бұл бағыт Қытай мен Орталық Азия­ны Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия жә­не Түркия арқылы Еуропамен байла­ныс­тырады. 2025 жылы Қазақстанда теңіз та­сымалы 7 пайызға, контейнерлік та­сы­мал 29 пайызға өскен. Ақтау портында кон­тейнерлік хаб құрылысы аяқталғаны да ресми түрде хабарланды. Ақтау мен Құ­рық порттарының мүмкіндіктерін кеңейту, контейнерлерді өңдеу жылдам­ды­ғын арттыру және порттарды теміржол желілерімен тиімді байланыстыру Қа­зақ­станның халықаралық саудадағы рөлін кү­шейте алады. Алайда бұл бағытта бә­се­келес мемлекеттердің көлік дәліздерімен де санасу қажет. Сондықтан Қазақстанның басты артықшылығы тек географиялық орналасуымен шектелмей, тасымалдың жыл­дамдығы, қызметтің сапасы, тариф­тер­дің бәсекеге қабілеттілігі және кеден­дік рәсімдердің тиімділігі арқылы қалып­тасуға тиіс. Халықаралық логистикалық хаб дегеніміз – жүктерді бір көліктен екін­шісіне ауыстыратын орын ғана емес. Оның құрамына қоймалар, кедендік қыз­меттер, контейнерлік терминалдар, жүк өңдеу орталықтары, цифрлық бақылау жүйелері және тауарларды өңдеп, қайта экспорттауға арналған өндірістік алаңдар кіреді.

Елдің экономикалық тәуелсіздігін ны­ғайтатын маңызды шарттың бірі – отан­дық өндірістің дамуы. Инвестиция жаңа технология, жаңа жұмыс орны, жаңа өнім және бюджетке түсетін қосымша кіріс әкелуі мүмкін. Алайда инвестиция кө­лемімен қатар оның қай салаға ба­ғыт­талғаны, қандай өнім шығаратыны, қан­ша тұрақты жұмыс орнын ашатыны және жергілікті кәсіпорындармен қаншалықты байланыс орнататыны да маңызды. 

Пре­зиденттің төртінші Ұлттық құрылтай оты­­­рысында сөйлеген сөзінде нақты өн­дірістік жобаларды қаржыландыруға ерек­ше көңіл бөлінген. Мемлекет бас­шысы сол кездегі жоспар бойынша нақты сек­торды қаржыландыру көлемін ша­мамен екі есеге арттырып, 8 триллион тең­геге жеткізу, кейінгі жылдары оны 10 триллион теңгеге дейін ұлғайту міндетін атаған. Сонымен қатар алдағы төрт жылда жыл сайын шамамен 200 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.

Қазақстанның туристік әлеуеті зор. Түркістанның тарихи-рухани мұрасы, Ал­маты өңірінің таулары, Бурабайдың та­би­ғаты, Маңғыстаудың ерекше ланд­шаф­ты, Алтайдың көркем аймақтары жә­не Каспий жағалауы ішкі әрі халық­ара­лық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Бірақ туристік нысандардың танымал болуы үшін көрікті табиғаттың өзі жет­кі­лік­сіз. Жол, қонақүй, санитариялық ны­сандар, қоғамдық көлік, қауіпсіздік және сапалы қызмет көрсету біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуі қажет. Туризм және спорт министрлігінің ресми мәліметіне сәй­кес, 2023-2029 жылдарға арналған ту­ризмді дамыту тұжырымдамасы жаңар­ты­лып, 2029 жылға арналған нақты мақ­саттар белгіленген. Оған сәйкес, туристік са­ланың жалпы қосылған құнын 6,3 трил­лион теңгеге дейін жеткізу, орна­лас­тыру және қоғамдық тамақтандыру сала­ларына тартылатын инвестиция көлемін 260 миллиард теңгеге дейін ұлғайту және саладағы жұмыспен қамтылғандар санын 800 мың адамға жеткізу көзделген. Соны­м­ен бірге ішкі туристер санын 11 мил­лион­нан, ал шетелден келетін туристер санын 4 миллионнан асыру мақсаты қойыл­ған. Бұлар – 2029 жылға арналған жос­парлы көрсеткіштер, қол жеткізілген нәтижелер емес.

Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлт­тық инфрақұрылымдық жоспары 204 не­гізгі жобаны қамтиды. Ресми мәлімет бойынша, оның ішінде 46 жоба энер­ге­тикаға, 59 жоба көлік инфрақұрылымына, 89 жоба сумен жабдықтау және су бұру жүйе­леріне, ал 10 жоба цифрлық инфра­құры­лымға арналған. Бұл деректер инф­рақұрылымды дамытудың тек жол салу­мен шектелмейтінін көрсетеді. Энер­ге­тик­алық жобалар электр және жылумен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға ба­ғытталса, су инфрақұрылымы ауылдар мен қалалардағы тұрмыс жағдайын жақ­сартуға қызмет етеді.

Экономикалық дамудың түпкі мақ­саты халықтың тұрмысын жақсарту болса, білім беру саласына салынған инвестиция сол мақсатқа жетудің ең маңызды жолда­ры­ның бірі. Мектеп – келешек маман­дар­дың, инженерлердің, дәрігерлердің, ға­лым­дардың және кәсіпкерлердің қалып­та­сатын ортасы. Сондықтан жаңа мектеп­тер салу, апатты ғимараттарды алмастыру, үш ауысымды оқытуды азайту және ауыл мен қала арасындағы білім беру мүм­кін­діктерінің айырмашылығын қысқарту елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Ұлттық жобалар ая­сын­да өткен жылы 198 мектеп пен 655 ден­сау­лық сақтау нысанының құрылысы аяқ­талғаны көрсетілген. Сонымен қатар студенттерге арналған 30 жатақхана пай­далануға беріліп, оларда 10 мыңнан астам орын қарастырылған. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталған жұмыстың ауқымын көр­се­теді. Дегенмен мектептің сапасы тек ғи­мараттың көлемімен немесе сыныптардың санымен өлшенбейді. Жаңа мектептер заманауи зертханалармен, кітапхана­лар­мен, спорт залдарымен, қауіпсіз оқу орта­сы­­мен және білікті мұғалімдермен қам­тамасыз етілуі қажет. Сондай-ақ мектеп құры­лысы оқушы санының демогра­фия­лық өсіміне және белгілі бір өңірдің нақты қажеттілігіне сәйкес жоспарлануы керек. Бұл бағытта «Келешек мектептері» ұлттық жобасының маңызы ерекше.

Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы да экономикалық саясаттың маңызды бөлігі. Денсаулығы жақсы азамат еңбекке бел­сен­ді араласып, білім алып, отбасының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алады. Ал медициналық көмекке уақытылы қол жет­кізе алмау адамның өмір сапасына да, ең­бек әлеуетіне де кері әсер етуі мүмкін. Осы себепті ауруханалар мен емханалар салу, ауылдық медициналық пункттерді жаң­ғырту және дәрігерлердің қолж­етім­ді­лігін арттыру мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді. Былтырғы жыл­ғы ресми бюджет қорытындысында ұлт­тық жобалар шеңберінде 655 денсаулық сақ­тау нысанының құрылысы аяқталғаны ха­барланған. Бұл көрсеткішті барлық ны­сан бірдей ірі аурухана деген мағынада тү­сінбеу керек: оған денсаулық сақтау инф­рақұрылымының әртүрлі нысандары кіруі мүмкін. Медициналық инфра­құры­лымды дамытуда шалғай ауылдар мен ау­дан орталықтарына ерекше көңіл бө­лін­ген. Жергілікті тұрғындар қарапайым ме­дициналық көмек алу үшін ұзақ жол жүруге мәжбүр болмауы үшін ауылдық ам­­­­булаториялар мен фельдшерлік пункт­тер­ді қажетті құрал-жабдықпен қамта­ма­сыз ету, аудандық ауруханалардың диаг­нос­тикалық мүмкіндіктерін кеңейту және же­дел жәрдем қызметін жетілдірілуде.

Қазақстанның 2025 жылғы әлеуметтік са­лаға 9,3 триллион теңге бағыттауы мен өңір­лерді қолдауға 7,7 триллион теңге бөлуі мемлекеттік шығындардың ауқы­мын көрсетеді. Ендігі маңызды міндет – осы ресурстардың әрбір өңірдің нақты қа­жеттіліктеріне сәйкес жұмсалуын қам­тамасыз ету. Бір жерде жол мәселесі өзекті бол­са, екінші жерде су тапшылығы, үшін­ші жерде мектеп немесе медициналық ны­сан қажеттілігі алдыңғы орынға шығуы мүм­кін. Сондықтан инвестициялық ба­сым­дықтарды белгілеуде өңірлік ерек­ше­ліктерді ескерудің маңызы зор. Сонымен бір­ге экономикалық жаңғыруды цифр­лан­дырумен, кәсіби кадрлар даярлаумен жә­не жаңа технологияларды енгізумен ұш­тастыру қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық реформаларын қолдау – Қа­­зақстанның өндірістік әлеуетін арт­тыру­ға, халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға және халықтың тұрмыс сапа­сын жақсартуға бағытталған стратегиялық мақсаттарды қолдау. 2025 жылы эконо­ми­ка­ның 6,5 пайызға өсуі, теміржолмен 320 мил­лион тонна жүк тасымалдануы, 204 жо­баны қамтитын инфрақұрылымдық жос­пардың қабылдануы және әлеуметтік ны­сандар құрылысының жалғасуы елдің дамуындағы маңызды көрсеткіштерді ай­қындайды.

Қазақстанның болашағы – табиғи бай­лықты тиімді пайдаланып, адами ка­пи­талды нығайтып, өндірісті дамытып, әр өңірдің мүмкіндігін іске асыра білуінде. Көлік-логистика халықаралық саудаға жол ашса, инвестициялар жаңа өндіріс­тер­ді қалыптастырады; туризм өңірлердің әлеуетін танытса, мектептер мен ауру­ха­на­лар халықтың әл-ауқатын нығайтады. Осындай өзара сабақтас бағыттар жүйелі іске асқанда ғана еліміз тұрақты, бәсекеге қа­білетті және азаматтарының болаш­а­ғына сенім ұялататын мемлекет ретінде дами алады. Экономикалық рефор­ма­лар­дың басты мақсаты да – бүгінгі мүм­кін­діктерді ертеңгі берекеге айналдырып, ел байлығын халық игілігіне қызмет еткізу.

Әлеуметтік реформалардың шынайы ба­ғ­асы үлкен мінберлерде айтылған сөз­бен емес, қарапайым отбасының күн­де­лік­ті тұрмысында болған өзгеріспен өл­ше­неді. Зейнеткердің дәрі-дәрмек алуға қа­ражаты жете ме, жас отбасы баспанаға қол жеткізе ала ма, көпбалалы ана бала­ла­рын алаңсыз өсіре ме, мүгедектігі бар аза­мат қо­ғам өміріне еркін араласа ала ма – әлеу­меттік мемлекеттің мазмұнын айқын­дай­тын негізгі сауалдар осылар. Осы мә­се­лелер тұрғысынан қарағанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік са­лаға қатысты бастамалары мен мем­ле­кеттік қолдау тетіктерінің дамуы елдің қоғамдық тұрақтылығы үшін маңызды. Өйткені мемлекеттің міндеті экономика­ның өсуіне жағдай жасаумен ғана шектел­мей­ді. Экономикалық өсімнің игілігі қо­ғам­ның әртүрлі тобына жетіп, халықт­ың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етуі керек.

Президенттің әлеуметтік реформа­ларын сараптағанда, олардың оң нәти­же­лерін де, шешімін әлі де қажет ететін мә­­селелерін де қатар қарастырған жөн. Зей­нетақы мен жәрдемақының өсуі, бала кү­тіміне берілетін төлемдер, мүгедектігі бар азаматтарға арналған қолдау және тұр­ғын үйді жалдау ақысын субсидиялау ха­лықтың белгілі бір бөлігінің қаржылық жүктемесін азайтады.

Мемлекет басшысының президенттік кезеңіндегі өзгерістерді саяси жаңғыру, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыт­тары бойынша қорытындылауға болады. Сонымен бірге елдің-ішкі сыртқы тұрақ­ты­лығы үшін әлем мемлекеттерімен жаса­лып жатқан дипломатиялық, әріптестік, серік­тестік, ынтымақтастық қатынастар Қазақстанның дүниежүзілік аренадағы бе­делін арттыруда. Ең бастысы, тыныш­тық пен бейбітшілік бар. Әлемде геосаяси ахуал шатқаяқтап жатқан шақта еліміздің Егемендігі бәрінен маңызды. Республика күні – Қазақстан тарихындағы баға жет­пес күн.  

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы 

ОҚМПУ ректоры

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью