Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі ақшалай мәнде рекордтық 683,7 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 27,1%-ға артқан (физикалық көлем индексі – 110,1%). Бір жыл бұрын да өсім байқалған, алайда ол небәрі 2,1% болған еді (физикалық көлем индексі – 102,9%), деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: energyprom.kz
Өндіріс көлемі өсті
Натуралды көрсеткіште, лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, тас көмір өндіру көлемі 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 120,5 млн тоннаны құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 7,1%-ға өсті.
Отандық көмір шахталары ішкі нарықтағы сұранысты (ел ішіндегі өткізу мен экспортты қоса алғанда) 100% дерлік қамтамасыз етіп отыр. 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында 107,7 млн тонна көмір өндірілді, жылдық өсім – 6,4%. Осы кезеңде импорт көлемі 3-тен 1-іне қысқарып, 620,2 мың тоннаға дейін азайды.
Көмір экспорты
Қазақстанда көмір экспорты 6,2%-ға өсіп, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында 28,1 млн тоннаны құрады. Ал ішкі нарықта көмір сату көлемі 5,9%-ға артып, 80,3 млн тоннаға жетті.
2025 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша тас көмірдің бағасы 1 айда 0,6%-ға, ал 1 жылда 8,7%-ға қымбаттады. Салыстыру үшін айтсақ, 1 жыл бұрын айлық өсім 0,7%, жылдық өсім 8,6% болған.
Өңірлер бойынша тас көмірдің жылдық қымбаттауы 0,7%-дан (Қарағанды облысы) 27,4%-ға дейін (Ақтөбе облысы) өзгерді. Айтарлықтай жылдық баға өсімі Астанада (20,1%), Жетісу облысында (16,2%) және Алматыда (15,9%) тіркелді.
2027 жылдан бастап Алматыда көмірге сұраныс нөлге дейін төмендеуі мүмкінАйта кету керек, 2027 жылдан бастап Алматыда көмірге деген сұраныс теориялық тұрғыда нөлге дейін төмендеуі мүмкін. Қалада атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер бекітілді. Атап айтқанда, газдандырылған әрі «ластаушы заттардың шығарындылары төмен» аймақтарда жеке секторда монша жағуға және ғимараттарды қатты (көмір мен отын) немесе сұйық отынмен жылытуға тыйым салынады. Қазіргі уақытта жеке сектордың газдандырылу деңгейі 99,4%-ды құрайды.
Көмір бағасы
2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан бойынша тас көмірдің орташа бөлшек бағасы бір тоннасына 19,8 мың теңге болды. Ең арзан көмір Қарағандыда сатылды – бір тоннасы 16,9 мың теңге. Одан кейін Петропавл мен Өскемен қалалары тұр – әрқайсында 17,2 мың теңгеден.
Ең қымбат көмір Ақтөбеде тіркелді – бір тоннасы 25,5 мың теңге. Кейінгі орындарда Түркістан (23,1 мың теңге) мен Қонаев (23 мың теңге) қалалары тұр. Алматыда 2025 жылғы желтоқсанда тас көмірдің бір тоннасы 20 мың теңге болды.
Соңғы жаңалықтар
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32