Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Елордада «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы жаңа Конституция жобасына қатысты өткен референдумды бақылау нәтижелерін жариялаған баспасөз конференциясын өткізді. Жиында қоғамдық бақылаудың қорытындысы таныстырылып, азаматтық бастаманың саяси мәдениетті қалыптастырудағы маңызы сөз болды, деп жазады Egemen.kz.
Журналистер алдында саясаттанушылар Нұрболат Нышанбай, Нұргелді Әбдіғаниұлы, қоғам қайраткері Дос Көшім және қоғам мүшесі Бекнұр Қысықов пікір білдірді. Спикерлердің айтуынша, тәуелсіз бақылаушылар тобын құру бастамасы жаңа Конституция жобасының алғашқы нұсқасы жарияланған сәтте көтерілген. Идеяны саясаттанушы Нұрболат Нышанбай ұсынған, кейін бұл ұсынысты қоғамдық белсенділер мен азаматтық қоғам сарапшылары қолдаған.
ТүркПА байқаушылары: Референдумда заң бұзушылықтар анықталған жоқ
Бақылаушылардың негізгі міндеті 15 наурыз күні өткен дауыс беру рәсіміне қоғамдық бақылау жүргізіп, процестің ашықтығын қамтамасыз ету және ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алу еді. Осы мақсатта бір ай бойы дайындық жүргізіліп, елдің әр қаласынан еріктілер тартылып, арнайы оқыту мен нұсқаулықтар ұйымдастырылған. Қатысушыларға сайлау заңнамасының талаптары мен қоғамдық бақылау қағидалары түсіндірілген.
Референдум күні «Халық үні» тобының шамамен екі мың бақылаушысы Қазақстанның 11 қаласындағы учаскелерде жұмыс істеді. Олардың қатарында Алматы, Тараз, Түркістан, Орал, Қонаев және Талдықорған қалалары бар. Бақылаушылар учаскелер ашылған сәттен бастап дауыс беру аяқталғанға дейін қатысып, рәсімдердің сақталуын бақылап, барлық деректі тіркеп отырған.
Саясаттанушы Нұрболат Нышанбайдың айтуынша, мұндай тәуелсіз бақылау бастамалары қоғамдағы саяси мәдениетті дамытуға және институттарға деген сенімді күшейтуге ықпал етеді. Оның сөзінше, бақылау барысында жиналған ұсыныстар мен ескертулер алдағы уақытта талданып, Орталық референдум комиссиясына жолданады.
Спикерлердің мәліметінше, сарапшылар жасаған қорытынды жалпы алғанда Орталық референдум комиссиясы жариялаған ресми ақпаратпен сәйкес шыққан. Сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардағы учаскелерде тәуелсіз бақылаушылардың болуы қоғамдық бақылаудың маңызды тетігіне айналғаны айтылды. Бұл өз кезегінде дауыс беру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың саяси науқанға деген сенімін арттыруға мүмкіндік берген.
Олжас Бектенов: Ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның куәгері болдық
Кездесу соңында топ өкілдері бастаманың негізгі мақсаты қоғамның сайлау рәсіміне деген сенімін нығайтып, азаматтық қатысу мәдениетін дамыту екенін атап өтті. Баспасөз конференциясы қоғамдық бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялап қана қоймай, маңызды саяси процестің ашықтығын қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөлі туралы пікір алмасуға арналған алаңға айналды.
Соңғы жаңалықтар
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті
Референдум • Бүгін, 12:32
ТүркПА байқаушылары: Референдумда заң бұзушылықтар анықталған жоқ
Референдум • Бүгін, 12:27
Олжас Бектенов: Ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның куәгері болдық
Референдум • Бүгін, 12:25
Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды
Референдум • Бүгін, 12:18
Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?
Әлем • Бүгін, 12:12
Референдум күні елімізде 585 бала дүниеге келді
Референдум • Бүгін, 12:11
ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді
Референдум • Бүгін, 12:05
«Таза Қазақстан»: Астанада 83 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 11:56
Өзбекстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 11:33
Референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды
Референдум • Бүгін, 11:22
Премьер-лига: Италияда каратэші Софья Берульцева алтыннан алқа тақты
Спорт • Бүгін, 11:20
Израиль премьері қаза тапқаны туралы тараған қауесетке жауап берді
Әлем • Бүгін, 11:05
«Қазпошта» акциялары қашан сатылымға шығады?
Логистика • Бүгін, 10:48
Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?
Олимпиада • Бүгін, 10:37
«Қайрат» клубы «Ақтөбемен» ойнайды: Стадион маңында қауіпсіздік күшейтіледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:27