Халық үніне құлақ асатын мемлекет : Президент әкімшілігіне 82,5 мың өтініш түсті

30.12.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биыл Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш түсті. Бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды.

 Оған 50 мың ұйым және 320 мың қызметкер қосылды. “Маңызды жұмыс бағыттарының бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру”, дейді Руслан Желдібай. Өтініштерді қарау үдерісі ұдайы жетілдіріліп отыр. Жасанды интеллект элементтері енгізіліп, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур секілді озық елдердің цифрлық үкімет тәжірибесі зерделенуде. Диалог офлайн форматта да жүреді. Өңірлерде азаматтардан өтініш қабылдайтын 150-ден астам орталық жұмыс істейді. Биыл 360 мыңнан аса адамға тиісті көмек көрсетілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью