Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылғанына 33 жыл: қандай шаруалар атқарылды

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Іс-шара шымылдығын ашқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев аталған ұйымның құрылғанына 33 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт аралығында қор бірегей әрі қажетті аймақтық алаңға айналды. Оған мүше мемлекеттердің қарым-қатынасы өзара сенім, сыйластық және серіктестік негізінде жалғасып келеді.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

– Бұл Орта Азиядағы су, экология, әлеуметтік-экономикалық салаларда бірлескен іс-қимылға мүмкіндік береді. Елдеріміздің ортақ жұмысы мен мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында біраз жұмыс атқарылды. Трансшекаралық су ресурстарын басқару және Арал теңізінің жағдайын жақсарту бойынша тұрақты серіктестікті сақтап қалдық, – деді Қ.Бозымбаев.

Сонымен бірге ол бұл басқосу алдағы үлкен жиынға дайындық екенін мәлімдеді. 22 сәуірде Астанада ХАҚҚ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтпек.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Айта кетейік Басқарма отырысына Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Тангрыгулы Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары – Министрлік жанындағы Су ресурстары қызметінің директоры Алмаз Жээналиев, Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай қатысты.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, Аралды сақтау мақсатында кешенді шара жүзеге асып жатыр. Мемлекетаралық келісімдер қатаң сақталғанының арқасында соңғы үш жылда Солтүстік Аралға 6 млрд текше метрден астам су құйған. Теңіздің су көлемі 2022 жылы 18,9 млрд текше метр болса, ал 2025 жылдың соңында 23 млрд текше метрге жетті.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан және Қызылорда облыстарындағы суландыру жүйелерін жаңғырту және автоматтандыру бойынша 160 жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сонымен қатар министрлік Дүниежүзілік банктің қолдауымен Көкарал бөгетін жаңғыртпақ. Соның арқасында теңіз деңгейі Балтық жүйесімен 44 метрге дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Ал су көлемі 34 млрд текше метрге жетпек.

Айта кетейік бұған дейін Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездескенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью