Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автодәлізінің Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент ақылы жол учаскелерінде рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы өзгерді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

19 мамырдан бастап аталған жол учаскелерінде сағатына 120 шақырым жылдамдық режимі белгіленді.

Сондай-ақ осы күннен бастап Тараз – Шымкент учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі уақытша өшірілді.

"Осыған байланысты сағатына 110 шақырым жылдамдық шектеуін асырғаны үшін келіп түсетін айыппұл хабарламалары жергілікті уәкілетті органдардың құзыретіне жатады және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның жауапкершілік аймағына кірмейді", – делінген компания хабарламасында.

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және жол қозғалысы ережесін қатаң ұстануға шақырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью