Халықаралық бақылаушылар Қазақстан Халық партиясы штабымен кездесті

29.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: ҚХП

Делегацияға халықаралық және Еуроодақ істері жөніндегі тәуелсіз кеңесші Виктор Пикет жетекшілік етті. Бақылаушылар партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановпен кездесіп, сайлауалды науқанның өту барысын талқылады.

Қазақстан Халық партиясы Алматыда «Мәңгілік классика» акциясын өткізді

ҚХП мәліметінше, халықаралық бақылаушылардың сайлауға қатысушы саяси партиялардың штабтарына баруы олардың миссиясының бір бөлігі болып саналады. Кездесулер барысында партияларға үгіт-насихат кезеңінде жасалған жағдайлар, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділік пен сыртқы жарнаманы орналастыру мүмкіндіктері бағаланады.

Қазақстан Халық партиясы Көкшетауда кәсіпкерлермен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Шоқанов халықаралық бақылаушылардың Қазақстандағы саяси үдерістерге назар аударуының маңызын атап өтті.

«Еліміздегі саяси өзгерістерге қызығушылық танытып, демократия, сөз бостандығы, құқық үстемдігі және сайлау үдерісінің ашықтығына тәуелсіз баға бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Қазақстан Халық партиясы да осы қағидаттарды қолдайды және жеңіс тек адал бәсекелестік арқылы келуі тиіс деп есептейді», деді партия төрағасы.

Еске сала кетейік, 23 шілдеден бастап елімізде Құрылтай сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды. Қазақстан Халық партиясы Құрылтай сайлауына 72 кандидат ұсынған болатын. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью