Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Депутаттарға бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарау ұсынылады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы елдің орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатымен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісім бар. Жобаны іске асыру аталған халықаралық қаржы институттарымен ұзақмерзімді әріптестікті нығайтуға және орнықты дамуға қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ күн тәртібінің жобасына 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамалар енгізілді. Түзетулер кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын келісуші тараптардың аумақтарында тануға және мәжбүрлеп орындауға жататын сот актілерінің тізбесіне енгізуді көздейді. Бұл нормалар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталып отыр.
Бұдан бөлек, депутаттар Жеке детективтік қызмет туралы, 2010 жылғы 10 желтоқсандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына түзетулер енгізу хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.