Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірлан Аманжолов -ұлттық құраманың мүшесі және Қазақстанның болашағынан зор үміт күттіретін жас математиктерінің бірі.
Соңғы жылдары ол әлемдік ареналарда тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Әмірлан олимпиадалық математикамен 7-сыныптан бастап айналысады. Оның халықаралық жарыстардағы жетістіктері -жүйелі дайындықтың, ұстаздары мен отбасының қолдауымен атқарылған көпжылдық еңбектің жемісі.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі2025 жылы Әмірлан Австралияда өткен 66-шы Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 112 елдің ішінде 17-орынға ие болса, Әмірланның өзі күміс медаль жеңіп алды.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіОқушының жетістіктері мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланды. 2025 жылы ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, 1000 АЕК көлеміндегі біржолғы сыйақы сертификатын иеленді. Сонымен қатар, оқушының жаттықтырушысы да мемлекеттік наградамен марапатталды.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіТолағай табыстарының арқасында Әмірлан Гарвард, Стэнфорд, Калифорния және Массачусетс технологиялық институттары (MIT), сондай-ақ Лондонның Империялық колледжі сияқты әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Нәтижесінде ол өзіне толық білім беру гранты ұсынылған Массачусетс технологиялық институтын (MIT) таңдады.
Әмірланның айтуынша, олимпиадалық қозғалыс оның академиялық дамуының негізгі факторы болып, армандаған университетіне түсуге септігін тигізген.
Айта кетелік Қазақстан бірқатар дамыған елден озып, әлемдік білім беру рейтингінде топ-20-ға енген еді.