Халықаралық стандарттар аккредитациясынан алғаш рет Дәнекерлеу ісі мамандығы өтті

13.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Шахтинск технологиялық колледжі «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы KazWeld өткізген салалық аккредитациядан сәтті өтті. Бұл аккредитация Халықаралық дәнекерлеу институтының International Institute of Welding (IIW) стандарттарына сәйкес жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Ресми түрде расталды

Осылайша колледж аталған бағыт бойынша халықаралық талаптарға сай екені ресми түрде расталған Қазақстандағы алғашқы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатарына кірді.

Аккредитациялау барысында KazWeld сарапшылары оқу орнының білім беру бағдарламаларын, материалдық-техникалық базасын, кадрлық әлеуетін және білім алушылардың даярлық деңгейін кешенді түрде бағалады. Сараптама нәтижесі бойынша колледждің халықаралық салалық стандарттарға толық сәйкес келетіні анықталды.

Колледждерде студенттерді халықаралық сертификаттау басталды

Халықаралық деңгей

Аккредитация қорытындысы педагогтер мен студенттердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Өндірістік оқыту шебері халықаралық деңгейдегі практик-маман дипломын алды, ал оқытушыға халықаралық дәнекерлеу маманы мәртебесі берілді. Сонымен қатар 2,3 курс студенттері арасынан 10 білім алушы халықаралық практикалық аттестациядан сәтті өтіп, өз біліктіктерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін дәлелдеді.

Колледждерден биыл қанша студент шетелдік курстардан өтті?

Мүмкіндіктерді кеңейтеді

Халықаралық салалық аккредитация оқу орны үшін білім сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Ол студенттерге IIW стандарттарына негізделген практикалық бағыттағы даярлықтан өтуге мүмкіндік беріп, түлектердің отандық және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді.

Биыл колледждердің қанша қызметкері курстардан өтті?

Соңғы жаңалықтар

Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адам әлі табылған жоқ

Аймақтар • Бүгін, 17:32

Apple Google компаниясымен тағы бір келісімшартқа қол қойды

Технология • Бүгін, 17:25

Есірткі бизнесіне қарсы күрес: 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Қоғам • Бүгін, 17:16

Атыраудағы Жағалау күзетінің ғимараты апатты жағдайда тұр

Аймақтар • Бүгін, 17:00

Ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті

Әскер • Бүгін, 16:57

Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Қоғам • Бүгін, 16:40

Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент • Бүгін, 16:33

Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді

Елорда • Бүгін, 16:23

Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында семинар өтті

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:18

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған үш жасөспірім әшкереленді

Қоғам • Бүгін, 16:15

Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты

Туризм • Бүгін, 16:00

СҚО-дағы шалғай ауылда Creative IT Center ашылды

Digital • Бүгін, 15:41

Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды

Аймақтар • Бүгін, 15:34

Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады

Төтенше жағдай • Бүгін, 15:20

«Үлкен жетілік» саммиті кейінге шегерілді

Әлем • Бүгін, 15:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью