Халықаралық су ұйымын құру бастамасы өте өзекті Президент

22.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

– Өңірлік деңгейдегі бастамалардан бөлек, біз су ресурстары саласында жаһандық ықпалдастықты кеңейтуге басымдық береміз. Былтыр желтоқсан айында Ашхабадта БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасадым. Аталған бастама өте өзекті. Өйткені қазіргі кезде БҰҰ жаһандық басқарудың бірізділігі мен тиімділігін арттыру үшін мыңдаған мандатты қайта саралап жатыр. Бүгінгі саммит аясында бұл ұсынысқа қатысты халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне қуаныштымын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, саммит кезінде Моңғолия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру ұсынысын қолдайтынын атап өтті

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС) жұмысын бастады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью