Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АҚШ, салық және инвестициялар жөніндегі Халықаралық орталықтың (АҚШ) өкілі Уэсли Александер Хилл референдум барысын бақылау үшін әдейі ауылдық елді мекендерді таңдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байқаушы сайлау учаскелері қызметкерлерінің дайындығы жоғары деңгейде екеніне, сондай-ақ азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінің белсенділігіне ерекше назар аударды.
«Біздің тәжірибемізге сүйеніп және осы референдумды алдыңғы дауыс берулермен салыстырсақ, демографиялық өзгерістерге байланысты алғаш рет дауыс берген адамдар саны көбірек болды. Яғни көптеген адамдар алғаш рет тек 18 жасқа толғандықтан ғана емес, сонымен қатар нақты дауыс беруге мүмкіндік алғандықтан да дауыс берді. Қазіргі уақыттағы негізгі статистикалық көрсеткіштер осы», деді спикер
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Өз кезегінде Америка-Еуразия орталығының вице-президенті Ральф Винни алты сайлау учаскесіне барғанын айтты.
«Дауыс беру учаскелерінен шыққан адамдармен әңгімелесу өте қызықты болды. Олардың не ойлайтынын түсінгім келді. Көпшілігі Қазақстанның болашағы үшін дауыс бергенін айтты. Тек өз болашағы үшін ғана емес, әрине, бұл да маңызды, бірақ олар балалары мен немерелерінің болашағы үшін дауыс бергенін жеткізді», деді спикер.
Соңғы жаңалықтар
Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Референдум • Бүгін, 19:15
Тараз қаласында «Конституция» есімді тұрғын дауыс берді
Референдум • Бүгін, 19:02
Халықаралық байқаушылар: Адамдар референдумға жүрек қалауымен келді
Референдум • Бүгін, 18:45
Солтүстік Қазақстанда Қаражұмановтардың еңбек әулеті референдумға қатысты
Аймақтар • Бүгін, 18:29
Ел азаматтарының 70,98 пайызы референдумда дауыс берді
Референдум • Бүгін, 18:20
Илирджан Челибаши: Жаңа Конституция демократиялық стандарттарды жақсартуға ықпал етуі мүмкін
Референдум • Бүгін, 17:57
ІІМ ресми өкілі: Референдум барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ
Референдум • Бүгін, 17:52
Референдумға Ұлы Отан соғысының ардагерлері де қатысып жатыр
Референдум • Бүгін, 17:48
ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы: Қазақстан жастары науқанға белсенді қатысып жатыр
Референдум • Бүгін, 17:34
Бас прокуратура: Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтіп жатыр
Референдум • Бүгін, 17:34
Таразда референдум аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 17:28
«Тосын қошемет»: Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр
Референдум • Бүгін, 17:22
Нұржан Нұржігітов: Әр азаматтың дауысы елдің даму бағытын айқындайды
Референдум • Бүгін, 17:15
ТМҰ өкілі: Дауыс беру халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық
Референдум • Бүгін, 17:10
Өнер жұлдыздары референдумда өз таңдауын жасады
Референдум • Бүгін, 17:02