Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Украинаға қолданыстағы кредит бағдарламасы аясында жаңа қаржы траншын бөлуді мақұлдады.
"Киев 48 айға арналған кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасының алғашқы кезеңі бойынша қойылған талаптарды орындады. Соның нәтижесінде Украинаға көлемі шамамен 690 миллион АҚШ долларына тең болатын кезекті қаржы траншы дереу аударылады", – делінген қордың мәлімдемесінде.
Осы жылдың ақпанында ХВҚ Украинаға төрт жыл мерзімге 8,1 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлу бағдарламасын бекітті.
Сонымен қатар, осы төрт жыл ішінде Украинаның сыртқы қаржыландыруға деген жалпы қажеттілігі 136,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражат халықаралық донорлардың қолдауы және мемлекеттік қарызды қайта құрылымдау арқылы босатылатын қаржы есебінен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.