Халыққа жылу сыйлаған

08.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қоғамның күнделікті тыныс-тіршілігі көзге көріне бермейтін, бірақ үздіксіз атқарылатын еңбектің арқасында алға жылжиды. Өндіріс саласында маңдай терін төгіп, нақты нәтижемен өлшенетін жұмысты абыроймен атқарып жүрген азаматтар – ел дамуының берік тірегі. Солардың бірі – «Өскемен ЖЭО» ЖШС орталықтандырылған жөндеу цехында химиялық су тазалау шебері қызметін атқаратын Дархан Мұсабаев.

Биыл жыл басында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Дархан Сағ­даш­ұлы Қарағанды қаласында дүниеге келгенмен, балалық шағы Шығыс Қазақстан өңірінде өтті. 1994 жылы Үлкен Нарын ауданына қарасты Ново-Берёзовка орта мектебінің табалдырығын аттап, 2004 жылы осы білім ордасын аяқтады. Ерте кезден техникалық пәндерге бейімі бар ол болашақ кәсібін саналы түрде таңдады. Сол жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жылу-электр­мен қамтамасыз ету факультетіне оқуға түсіп, «Жылу энергетикасы» маманды­ғын  алды. Университетте алған теориялық даярлық пен өндірістік ойлау машығы оның кейінгі еңбек жолына берік негіз қалады. 2008 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, жас маман еңбек жолын «Өскемен ЖЭО»-да бастады.

Алғашқы жылдары орталықтан­ды­рылған жөндеу цехында термо оқшау­лаушы, отқа төзімдеуші болып еңбек етті. Қазандық агрегаттары мен құбыр жүйелеріндегі жылу оқшаулау жұмысы станса тиімділігіне тікелей әсер ететін жауапты учаске саналады. Дархан Сағ­дашұлы өзіне жүктелген міндеттерді тиянақтылықпен орындап, технологиялық тәртіпті қатаң сақтайтын маман ретін­де қалыптасты. Атқарылған жұмыс жабдықтардың сенімділігін арттырып, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

 «Жұмысқа әбден төселіп алдық. Соның өзінде әр қимылымыз өте жауапты. Жылу жүйесі сырт көзге оңай көрінгенімен, өте күрделі үдеріс. Мұндағы мамандардың қай-қайсысы да өз ісінің нағыз шебері», дейді Дархан.

Қызмет бабында сатылап өскен маман 2014 жылдан жабдықтарды пайдалану, жөндеу жөніндегі техник қызметін атқарды. Стансаның негізгі технологиялық жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтама­сыз етуге елеулі үлес қосты. Өндірістік үдерістерді терең түсінуі мен тәжірибеге сүйенген шешімдері оның кәсіби деңгейін бекемдей түсті. Сөйтіп, 2023 жылғы тамызда химиялық су тазалау шебері лауа­зымына ауыстырылды. Қысқа мерзім ішін­де жаңа бағыттағы жұмысты жүйе­леп, ұжым қызметін тиімді ұйымдас­ты­ра білді. Химиялық су тазалау – жылу электр орталығы жұмысындағы негізгі буындардың бірі. Су сапасына қойылатын талаптардың сақталуы жабдықтардың ұзақ әрі апатсыз қызмет етуін қамтамасыз етеді. Осы жауапкершілікті терең сезінетін маман өндірістік тәртіп пен қауіпсіздік талаптарына айрықша мән береді.

Дархан Сағдашұлы үнемі өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған ұсы­нысымен ерекшеленеді. Технологиялық үдерістерді жетілдіру, ресурстарды ұтым­ды пайдалану жөніндегі бастамалары стансаның пайдалану шығындарын төмендетуге, техникалық сенімділігін арттыруға ықпал етті.

Еңбек адамына тән тағы бір қыры – кейінгі буынға бағыт-бағдар беру. Ол жас мамандарды баулып, олардың бойында өндірістік мәдениет пен жауапкершілік қағидатын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Ұжымды ұйымдастыра білуі, талап пен әділдікті ұштастыруының арқасында әріптестері арасында беделге, сый-құрметке ие. Бүгінде Дархан өз ісіне адал, өндірістің жауапты учаскесінде табанды еңбек етіп жүрген тәжірибелі маман. Осындай азаматтардың еңбегі арқылы ел энергетикасы дамып, қоғамның тұрақты тіршілігі қамтамасыз етіліп отыр.

ӨСКЕМЕН 

Соңғы жаңалықтар

Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер

Еңбек • Бүгін, 08:17

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Технология • Бүгін, 08:15

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Апатты баспаналар азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 08:10

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Экономика • Бүгін, 08:07

Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы

Ата заң • Бүгін, 08:05

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Туристік нысандардың дайындығы тексерілді

Туризм • Бүгін, 08:00

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Ағаш өндірісіндегі игі бастама

Өндіріс • Бүгін, 07:55

Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық

Саясат • Бүгін, 07:53

Көмір саласы кешенді дамуға бет алды

Саясат • Бүгін, 07:50

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды

Президент • Бүгін, 07:47

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью