Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мұндай деректерді MediaNet халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE бюросының 5-15 ақпан аралығында жүргізген сауалнамасы көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Зерттеу нәтижелері бойынша, респонденттердің 77,6%-ы 2026 жылдың қаңтарынан бастап шығындардың өскенін атап өткен. Оның ішінде 54,4%-ы шығыстардың айтарлықтай артқанын айтса, тағы 23,2%-ы шамалы көбейгенін алға тартады.
Бағаның өсуіне байланысты көптеген адамдар үнемдеуге көшкен. Көбінесе азық-түлік, киім-кешек, саяхат, дәмханалар мен ойын-сауық шығындары қысқартылуда.
Халық басты мәселе ретінде тауарлар мен қызметтердің қымбаттауын, сондай-ақ қаржылық тұрақтылыққа қатысты алаңдаушылықты атайды.
Шығынның артуы қазақстандықтарды біраз дүниені үнемдеуге мәжбүрледі. Бірінші кезекте азық-түліктен (44,5%), киім мен аяқ киімнен (36,1%), жеке көлікпен және таксимен жүруден (28,3%) үнемдей бастаған.
Қазақстандықтар үнемдеуге мәжбүр болдық деп көрсеткен келесі салалар мынадай:
кафе, мейрамхана, жеткізу қызметі – 25,8% көңіл көтеру және демалыс – 23,2% коммуналдық қызмет – 20,4% дәрі-дәрмек және медицина қызметі – 20,2%Тағы 24,2%-і ештеңеден үнемдеп жүрген жоқпын деп жауап берген.