Халықтың нақты табысы соңғы бір жылда алғаш рет оң динамиканы көрсетті министрлік

10.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Инфляцияның баяулауы халықтың нақты табысының соңғы бір жыл ішінде алғаш рет оң динамикаға шығуына ықпал етті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

Статистикаға сәйкес, 2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан халқының нақты ақшалай табысы соңғы жылы алғаш рет оң динамиканы көрсетті. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 0,1 процентке өсті.

"Биыл жылдың басында халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы айына 252 619 теңге болған. Бұл 2025 жылғы I тоқсан деңгейінен 11,8%-ға жоғары. Инфляциялық процестердің біртіндеп баяулауы, атап айтқанда тұтыну бағасының тұрақтануы маңызды фактор болды", - дейді министрлік мамандары.

Ал инфляция маусым айында 10,3%-ға дейін төмендеген. Орташа айлық жалақы ең көп өскен салалар:

ауыл шаруашылығы — 20,3%-ға (нақты мәнде-7,7-ға);

қаржы және сақтандыру қызметі — 18,1% - ға (5,7%);

көлік пен қоймалау - 12,9%-ға (1,1%);

өңдеу өнеркәсібі - 14% - ға (2,1%).

"Экономиканың мұнай емес секторындағы жалақының жоғары өсу қарқыны өте маңызды. Өйткені ол өндірісті дамыту, еңбек өнімділігінің өсуі және сапалы жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын арттыру мүмкіндіктерінің біртіндеп кеңеюін көрсетеді", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, үкімет, ұлттық банк пен қаржы нарығын дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бойынша халықтың нақты табысы жыл сайын кем дегенде 2-3 %-ке өсіп тұрады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью