Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменей ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта комада жатыр. Бұл туралы The Sun басылымы жазды.
Басылым мәліметінше, Хаменей кемінде бір аяғынан айырылған болуы мүмкін. Сонымен қатар оның бауыры немесе асқазаны зақымданған деген болжам бар.
"Ол бір немесе екі аяғынан айырылды. Сондай-ақ бауыры немесе асқазаны зақымданған. Қазіргі таңда комада жатыр", – деген дереккөз.
Ақпаратқа сәйкес, Хаменей Тегеран қаласындағы тарихи ауданда орналасқан "Сина" ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Аурухана аумағы ішінара қоршауға алынып, күзет күшейтілген.
12 наурыз күні Хаменей халыққа алғаш рет үндеу жолдаған. Алайда оның мәтіні мемлекеттік телеарнада диктор арқылы оқылған. Үндеуінде ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Иран АҚШ пен Израильден кек алатынын мәлімдеген.
Айта кетейік, Моджтаба Хаменей 8 наурыз күні мемлекет басшысы болып сайланған. Бұл оның әкесі әрі бұрынғы көшбасшы Әли Хаменей 28 ақпанда АҚШ пен Израиль шабуылдары салдарынан қаза тапқаннан кейін болған.