Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Отандасымыз финалда Өзбекстан спортшысы Сухроб Рахматуллаевтан 4:1 есебімен басым түсті. Жерлесіміз жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға да түсірді. Нәтижесінде отандасымыз халықаралық турнирдің чемпионы атағын жеңіп алды.
Финалға дейінгі жолы:
1/8 финал. Жидеон Сансон (Аустралия) - 3:0
1/4 финал. Исфандиор Хасимов (Тәжікстан) - 1-раундта техникалық нокаут
1/2 финал. Исмаил Оразмурадов (Түркіменстан) - 5:0.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Досжан Жұмақан (60 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі) чемпион атанды.
Ал Жалғас Утебеков финалда ақтық жекпе-жекте өзбекстандыұ Асадбек Султанбоевке 0:5 есебімен жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Енді ел құрамасынан Камила Оспанова (70 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) финалда шаршы алаңға шығады.
Қазақстан құрамасы сапынан финалға сегіз спортшы шықты. Бұл жөнінен ұлттық құрама екінші орында тұр. Ел құрамасынан он бір спортшы жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Олардың 8-і жеңіске жетсе, 3-еуі қарсыласына есе жіберді.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) Зарина Толыбай (75 келі), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі) қола жүлдегер атанды.