Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әлем Антарктика арқылы жүзіп бара жатқан экспедициялық кемеде хантавирустың таралуынан кейін инфекциялық аурулар қаупі туралы қайта айта бастады. Мамандар анд вирусын COVID-19 деңгейіндегі жаңа пандемия қаупі деп санамаса да, бұл жағдай жаһандық денсаулық сақтау жүйесінің сирек кездесетін инфекциялар алдында әлі де қаншалық осал екенін көрсетті.
Әлем Антарктика арқылы жүзіп бара жатқан экспедициялық кемеде хантавирустың таралуынан кейін инфекциялық аурулар қаупі туралы қайта айта бастады. Мамандар анд вирусын COVID-19 деңгейіндегі жаңа пандемия қаупі деп санамаса да, бұл жағдай жаһандық денсаулық сақтау жүйесінің сирек кездесетін инфекциялар алдында әлі де қаншалық осал екенін көрсетті.
Ғалымдарды бұл жағдай неге алаңдатып отыр, хантавирустың басты қаупі неде және әлем жаңа эпидемиялық қатерлерге дайын ба? Бұл туралы TengriHealth-ке арналған авторлық бағанында Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман ой қозғайды.
Бір қарағанда, бұл оқиға Голливуд триллерінің сюжетіне ұқсайды
Алайда қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа эпидемиялық қауіптер аяқасты пайда болуы мүмкін екенін жиі ескертіп жүр. Ал әлем мұндай қатерлердің алдында әлі де әлсіз күйде қалып отыр.
Бір адам туған күнге келіп, инфекция жұқтырған қонақтың қасына отырады. Бірнеше күннен кейін өзі ауырып, жұбайына жұқтырады да, кейін қайтыс болады. Артынша оның әйелі ас беру кезінде жаңа жұқтыру тізбегінің көзіне айналады. Сол кешке қатысқан тағы бір адам вирус тасымалдаушымен тек жол-жөнекей амандасып өткен. Кейін белгілі болғандай, соның өзі жеткілікті болған.
Нәтижесінде 33 адамға инфекция жұғып, 11 адам көз жұмды. Ауру бірнеше рет бірінен кейін бірі таралған.
Аргентинада 2018–2019 жылдары тіркелген анд хантавирусының ең жан-жақты зерттелген ошақтарының бірі дәл осылай өрбіген. Бұл зерттеу материалдары әлемдегі ең беделді медициналық журналдардың бірі — The New England Journal of Medicine басылымында жарияланған. Ол әлі күнге дейін эпидемиологтар арасында алаңдаушылық туғызатын талқылауларға себеп болып отыр.
Бүгінде хантавирус туралы қайта сөз қозғалды. Қазіргі жағдайдың ауқымы әзірге шектеулі болғанымен, бұл ахуал COVID-19 пандемиясының алғашқы апталарын еріксіз еске салады. Әсіресе әлемдік денсаулық сақтау жүйелерінің жаңа қауіпке қалай әрекет ететіні жағынан ұқсастық бар.
Әлем COVID-19 пандемиясынан қандай сабақ алмады?COVID-19 пандемиясының басында қателіктер болды. Оның құны өте ауыр тиді. Ол кезде денсаулық сақтау жүйесінің көптеген өкілі вирус беткі қабаттар арқылы, яғни тұрмыстық жанасу жолымен, сондай-ақ6 адам жөтелгенде немесе түшкіргенде тыныс жолдарынан бөлінетін ірі респираторлық тамшылар арқылы тарайды деп есептеді. Мұндай тамшылар тез жерге түседі және екі метрден артық қашыққа тарала алмайды деген түсінік басым болды.
2020 жылғы пандемия кезіндегі кіреберістерді зарарсыздандыру. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Сондықтан лифт батырмаларын дезинфекциялауға, түрлі беттерді өңдеуге және еденге «қауіпсіз арақашықтықты» көрсететін белгілер салуға бір жылға жуық уақыт кетті. Алайда бұл шаралар шын мәнінде ауада ұзақ сақтала алатын микроскопиялық аэрозоль бөлшектері арқылы тарайтын инфекцияға қарсы аса тиімді бола қойған жоқ. Әсіресе мұндай вирус нашар желдетілетін жабық орындарда өте қауіпті еді.
Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстан да көптеген елдер сияқты ауыр шешімдер, ақпарат тапшылығы және үздіксіз белгісіздік кезеңінен өтті.
Қоғам күн сайын бір-біріне қайшы хабарламалармен, жиі өзгеретін ұсыныстармен және күшейе түскен алаңдаушылықпен бетпе-бет келді. Бұған бір жағынан адамзаттың бұрын пандемия тудырған коронавирус штамымен ешқашан бетпе-бет келмегені себеп болды.
Сол күрделі күндері маған Джонс Хопкинс университетінің, Гарвардтың, Стэнфордтың зерттеушілерімен және мамандарымен, сондай-ақ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия және Швеция сарапшыларымен ой алмасудың сәті түсті.
Олардың барлығы дерлік бір пікірге келді: эпидемия кезінде ғылыми ақпараттың жылдам алмасуы және биліктің алдын ала әрекет етуге дайын болуы шешуші рөл атқарады.
COVID-19 кезінде халықаралық ғылыми ортақ ұстанымның арқасында маска тағу, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу және мүмкіндігінше тез вакцина алу туралы үндеулер жиі айтылды. Әсіресе егде жастағы адамдар үшін бұл аса маңызды болды. Бұл шаралар қоғамда дау туғызып, кейде ашу-ыза мен шаршау сезімін күшейткенімен, кейін өте көп адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті.
Бір қарағанда, пандемия жаһандық денсаулық сақтау жүйесі үшін түбегейлі сабақ болуы керек еді. Алайда хантавирусқа қатысты жағдай бірнеше жылдан кейін де әлемнің жаңа биологиялық қатерлерге толық дайын емес екенін тағы көрсетті.
Егер адамзаттың жолы болса, өлім-жітім мен бейберекеттік ауқымы жағынан COVID-пен салыстыруға болатын жаңа пандемия пайда болғанша әлі талай уақыт өтеді. Бірақ Атлантикадағы кемедегі хантавирус ошағы басқа мәселені айқындап берді: халықаралық денсаулық сақтау құрылымдары тіпті салыстырмалы түрде шектеулі қатердің өзінде жеткілікті деңгейде тиімді болмай шықты.
Хантавирустан болатын өлім-жітім 40 пайызға дейін: дәрігерлер неге дабыл қағып жатыр?Хантавирус ақырзаман сценарийлеріндегі қиял-ғажайып «супербактерия» емес. Алайда бұл инфекцияның дәрігерлерді ерекше алаңдататын тұсы бар: ауру асқынған жағдайда өлім-жітім көрсеткіші өте жоғары.
Мамандардың бағалауынша, кейбір штамдар үшін өлім көрсеткіші расталған жағдайлардың 30–40 пайызына жетуі мүмкін.
Вирус көзімен байланыста болуы мүмкін науқастар әр түрлі елдерге тарап кетті. Соған қарамастан, Еуропа билігі карантин шараларын біраз пікірталастан кейін, кешіктіріп енгізе бастады. Жақында ғана ресми тұлғалар симптомсыз адамдардың қауіп төндіріп, инфекцияның таралуына әсер етуі мүмкін екенін мойындауға құлықсыз болған еді.
Кейінгі апта тағы бір таныс мәселенің куәсі болдық: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты алдын ала ескерту қажеттігі мен қоғамда дүрбелең тудырып алмау қаупінің арасында қайтадан тепе-теңдік сақтауға тырысып жатыр.
Бір жағынан, қазіргі хантавирус өршуінің жаһандық пандемияға ұласу ықтималдығы шынымен де төмен деп есептеледі. Оның таралу жылдамдығы COVID-19-ға қарағанда едәуір төмен, ал бұған дейінгі барлық оқиға жергілікті деңгейде қалды.
Бірақ екінші жағынан — вирустың мінез-құлқы туралы әлі де бәрі белгілі емес. Ал өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болуы тіпті шектеулі өршулердің өзін өте қауіпті етеді.
Сондықтан да бүгінгі басты сұрақ — әлемнің дүрбелеңге түсу-түспеуінде емес, халықаралық құрылымдардың бұл қауіпке қаншалықты байыппен қарайтынында болып отыр.
Мамандар хантавирусты неге қауіпті деп санайды: 5 себепЭпидемиологтардың жағдайдың дамуын мұқият бақылауына бірнеше себеп бар.
Ұзақ инкубациялық кезеңБасты мәселелердің бірі — инкубациялық кезеңнің ұзақтығы. Бұған дейінгі деректер бойынша, вирус жұқтырғаннан бастап симптомдар пайда болғанға дейін сегіз аптаға дейін уақыт өтуі мүмкін.
Адамнан адамға жұғуы расталдыІс жүзінде адам екі айға жуық уақыт бойы инфекция тасымалдаушысы екенін сезбеуі мүмкін. Бұл індеттің таралу ауқымына қатысты кез келген ерте бағалауды толық емес етеді.
Хантавирустың андтық штамы үшін адамнан адамға жұғу — болжам емес, бұл құжат жүзінде расталған факт.
Кемедегі алғашқы жағдайдан тағы бірнеше адамның жұқтырды. 2018–2019 жылдардағы Аргентинадағы індет кезінде үш адам жиырмадан астам адамның жұқтыруына себеп болған.
Иә, бұл вирус коронавирусқа қарағанда әлдеқайда баяу таралады. Бірақ оның адамнан адамға жұғу дерегінің өзі эпидемиологтарды қатты алаңдатып отыр.
Симптомсыз жұғуы мүмкінТағы бір алаңдатарлық ерекшелік — инфекцияның айқын симптомдар пайда болғанға дейін жұғу ықтималдығы.
Кейбір зерттеулер ауру дамығанға дейін де, симптомдар пайда болғаннан кейін де жұғу қаупі болуы мүмкін деп болжайды. Дәл осы ерекшелік кезінде COVID-ті тізгіндеуді қиындатқан болатын.
Жұғу үшін әрдайым тығыз байланыс қажет емесӘзірге хантавирустың таралу ауқымы коронавируспен салыстыруға келмейді. Бірақ мамандар: таралудың баяу қарқыны қауіп жоқ дегенді білдірмейді деп ескертеді.
Аргентинадағы індет деректері бірқатар жағдайда жұқтыру тіпті аз уақытта — қысқаша әңгімелесуден немесе науқас адамның қасында болғаннан екенін байқатты.
ДДСҰ хантавирусқа қарсы қалай әрекет етіп жатыр?Инфекцияның жұғу динамикасы әлі де зерттелу үстінде. Ғалымдарды дәл осы белгісіздік ерекше алаңдатып отыр.
Жаһандық денсаулық сақтау құрылымдарының реакциясы бөлек талқылау туғызып жатыр.
Сарапшылар бір-біріне қайшы келетін ұсыныстарға, халықты хабардар етудің кешігуіне және бірыңғай хаттамалардың жоғына нұсқайды. Ғылыми қауымдастықтың бір бөлігінің пікірінше, лайнердегі хантавирус індеті туралы алғашқы мәлімдемелер тым бұлыңғыр болды және нақты қауіптер туралы түсінік бермеді.
Хантавирустар ғылым үшін жаңа немесе белгісіз емес, сол сияқты бұл штамм да көптеген жыл бойы зерттеліп келеді. Дегенмен, ДДСҰ ұсыныстар мен техникалық түсіндірмелерді бірден емес, індеттің дамуына қарай жариялады. Оның үстіне, алғашқы кезеңдерде жағдайды толық және нақты түсіну үшін ақпарат жеткіліксіз болды.
Тіпті, хантавирустарды зерттеумен айналысатын халықаралық сарапшылар инфекцияның симптомсыз жұғуына, инкубациялық кезеңнің ұзақтығына және жұғу үшін қажетті байланыс сипатына қатысты жекелеген мәлімдемелерге дау айтуға мәжбүр болды.
Коронавирус пандемиясы кезінде дене қызуын өлшеу. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Кейінірек ұсыныстардың бір бөлігі түзетілді.
Қазақстандықтар нені білуі керек?Бірақ бұл оқиға әлемге ескі мәселені тағы да еске салды: халықаралық әрекет ету жүйелері әлі де вирустардың өзінен баяу болып жатыр.
Індет ошағы Қазақстаннан алыс болса да, сақтық шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл әсіресе ауылдық жерлердің, саяжай массивтерінің, фермалардың және астық пен жем-шөп сақталатын аумақтардың тұрғындарына қатысты. Елімізде хантавирустың басқа түрлері таралған өңірлер бар — олар адамнан адамға жұқпаса да, бәрібір қауіп төндіруі мүмкін.
Мамандар мынадай кеңес береді:
тышқанның құрғақ тезегін сыпырғышпен сыпырмау немесе шаңсорғышпен жинамау; жинау жұмыстарын бастамас бұрын ластанған беттерді дезинфекциялық ерітіндімен тазарту; кеміргіштер болуы мүмкін үй-жайларды тазалау кезінде қолғап пен бетперде кию; азық-түлікті тығыз жабылатын контейнерлерде сақтау; тышқандар үйге немесе қоймаға кіре алатын саңылаулар мен тесіктерді бітеу; жабайы кеміргіштермен және олардың қалдықтарына қолмен тиіспеу.Мынаны есте сақтау өте маңызды: егер ластанған болуы мүмкін орындарда болғаннан кейін дене қызуы көтеріліп, қатты әлсіздік, бұлшықет ауырсынуы немесе ентігу пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Неліктен жаңа қауіпті вирустар жиі пайда бола бастады?Анд вирусына қатысты жағдай — бұл жаһандық ауқымдағы үлкен үрдістің бір бөлігі ғана.
Әлем бұрын сирек кездесетін немесе тек белгілі бір аймаққа тән деп саналған инфекциялармен жиі бетпе-бет келіп жатыр.
Бұл процестің бірнеше себебі бар:
климаттың өзгеруі, экожүйелердің бұзылуы, урбанизация, халықаралық миграцияның артуы, адамның жабайы табиғатпен тығыз байланысқа түсуі.COVID-19 пандемиясы жергілікті індеттің қаншалықты тез арада жаһандық мәселеге айнала алатынын көрсетті.
Мамандар Анд вирусының дәл сондай әлеуеті жоқ деп есептесе де, бұл жағдай адамзаттың жануарлардан тарайтын инфекциялар алдында әлі де дәрменсіз екенін еске салады. Адам мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдік өте нәзік күйде қалып отыр.
Әлем жаһанданды. Мұндай шындықта басты қорғаныс — үрей мен айқайлаған тақырыптар емес, денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы, санитарлық мәдениет және қоғамның нақты қауіп-қатерлерді уақытында тани білу қабілеті.
Редакцияның көзқарасы автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін
Автор туралы: Алмаз Шарман — Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі. Биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу