24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
«HAS» қаржы пирамидасына қатысты іс қайта жанданды. Зардап шеккендердің өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
125-тен аса адам жалпы сомасы 820 млн теңге залал келтірілгенін көрсетіп, арыз түсірген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті хабарлады. Еске салайық, алаяқтықты ұйымдастырушыларға 6-дан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болатын. Салымшылардың қаржысына сатып алынған 1 млрд 200 млн теңгеден асатын мүлік сот шешімімен өндірілуге жіберілген. Ашып айтсақ, 4 пәтер, 18 көлік, 3 жер учаскесі, көлік тұрағы және банк шоттары бар. Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Биылғы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды. Тергеу жалғасуда. Қаржылық мониторинг агенттігі «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады.