Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляция: сот шешімі қандай?

12.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 ақпанда апелляция алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін күшінде қалдырды. Осылайша Хасан Қасымбаев бұған дейін тағайындалған жазаны, яғни 12 жыл жазасын өтейді.

Бұл іс бойынша қалған сотталушылардың да үкімі өзгеріссіз қалды.

Хасан Қасымбаев қазір қайда?

Айта кетейік, апелляция қарау кезінде сотталушылар сот залына қатыстырылған жоқ. Нариман Кервеновтің айтуынша, қаңтарда Хасан Қасымбаев этаппен Петропавлға жеткізілген.

"Бастапқыда бізге оны Талдықорғанға этаппен апарады деп хабарлаған. Кейін оның Петропавлға жеткізілгенін білдік. Изоляторда да мұндай шешімнің себебін түсіндіре алмады. Қалған сотталғандардың бәрін Талдықорғанға этаптап, олар апелляция шешімін сол жақта күткен, ал Қасымбаев Петропавлға жіберген", - деп атап өтті адвокат

Айта кетейік, 2026 жылы 13 қаңтарда Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымы түсті.

Хасан Қасымбаев туралы не белгілі?

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.

Еске салайық, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды.

Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші, яғни ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені жазылған. Оның туыстарының сөзінше, ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп, артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.

2025 жылы 21 сәуірде Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды.

2025 жылы 29 шілдеде Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды.

Сотта прокурор Ерлан Құланбаев адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (жәбірленуші - ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші - Әріпжан Тәжиев) істері бойынша айыптау актісін оқыды.

Осылайша 2025 жылы 11 қарашада Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью