Хасан Рашид: Қоғамға әр кез қажет құндылық саяси тұрақтылық

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Қазақстанның кезең-кезеңімен даму жолын таңдауы – қазіргідей жаһандық тұрақсыздық жағдайында ең тиімді шешім». Еліміздің негізгі капиталына қомақты инвестиция салуға кіріскен шетелдік бизнес өкілдері осылай дейді. 

Соның бірі – дубайлық кәсіпкер Хасан Рашид. Оның айтуынша, қоғамға әр кез қажет құндылық - саяси тұрақтылық. «Сондықтан бейтарап ұстанымдағы Қазақстанға инвесторлар тарапынан қызығушылық арта түседі», - дейді ол.

Хасан Рашид, кәсіпкер, девелоперлік жобаларды жүзеге асырушы:

- Қазақстанның біртіндеп даму жолын таңдауы –  қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында өте уақытылы қабылданған шешім. Өйткені радикалды өзгерістер жақсылыққа әкелмейді. Кезең-кезеңімен әрі қоғам сұранысына қарай алға жылжу экономикалық тұрғыда оң ахуал қалыптастырады. Кәсіби тұрғыда нақты болжам жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанның санкциясыз, бейтарап ел болуының өзі халықаралық инвесторлар үшін тартымды болып тұр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью