ХХ ғасыр: Жапонияда білім алған қазақ жастары туралы тың дерек анықталды

30.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ғалымның мәліметінше, Тбилисиде жарық көрген «Вольный Горец» газетінде қазақ жастарының Жапонияға оқуға жіберілгені туралы дерек келтіріледі.

— 1920 жылы Тифлисте жарық көретін «Вольный Горец» деген газет қазақ жастарының алғашқы толқыны Жапонияға арнайы техникалық ЖОО-ға оқуға кетті дейді. Бұл — 20 жылдың маусым айы. Ол кезде «Вольный Горец» газетінде Мұстафа Шоқай жұмыс істеп жүрген болатын. Демек, сол кезде қазақ жастарының алғашқы толқыны бүгінгі біздің «Болашақ» бағдарламасымен жіберілгені сияқты оқуға жіберілген. Одан бөлек, егер дәлел құжат таба алсақ, онда Еуропаға және Америкаға кеткен қазақ жастары бар секілді. Сол жастардың аты-жөнін, олардың кейінгі тағдырын зерттеу — алдымызда тұрған ең өзекті мәселенің бірі, — деді Сұлтан Хан Аққұлұлы.

1920 жылы «Вольный Горец» газетінде жарық көрген «Қырғыз студенттері Жапонияда» деп аталған материалда Азамат соғысынан кейін Ресейде оқуын жалғастыру мүмкіндігінен айырылған қазақ жастарына Жапония үкіметі қолдау көрсеткені айтылады. Басылым мәліметінше, жапон тарапы Сібірдегі өкілдері арқылы қазақ үкіметіне жастарды арнайы техникалық білім алуға Жапонияға жіберуді ұсынған.

Сонымен қатар, Жапония үкіметі жол шығыны, оқу ақысы және студенттердің елде тұруына байланысты барлық шығынды өз мойнына алғаны жазылады. Мақалада сол кезеңнің өзінде бірнеше қазақ ұл-қыздарының Жапонияға аттанғаны айтылған.

Фото: Сұлтан Хан Жүсіп

Сондай-ақ Еуропа немесе Америкада оқуды қалаған жастарға да жапон тарапы қаржылай көмек көрсетуге дайын екені көрсетілген. Мақала авторы бұл бастаманы Жапонияның қазақ халқымен жақындасуға бағытталған маңызды қадамы ретінде бағалаған.

Айта кетейік, Чехия және Словакия архивтерінен Әлихан Бөкейханға қатысты тың деректер табылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью