Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Хиллари Клинтон АҚШ Конгресінің Қадағалау комитетіне куәлік берді. Бұл комитет марқұм қаржыгер әрі педофил деп сотталған Джеффри Эпштейннің қылмыстарын тергеп жатыр, деп хабарлайды BBC News Русская служба.
Клинтон тыңдаулар алдында жариялаған сөзінде Эпштейн мен оның серіктесі Гислейн Максвеллдің қылмыстары туралы ештеңе білмегенін айтты. Сонымен бірге ол комитетке қазіргі президент Дональд Трампты шақырып, антпен жауап алу керек екенін жеткізді.
Клинтон: «Мен Эпштейнмен кездескен емеспін. Оның ұшағына мінген жоқпын, аралына да, үйіне де барған емеспін. Бұған қосарым жоқ», – деді.
Ол комитетті ашықтық танытпағаны үшін сынға алды. Оның айтуынша, тыңдаулар жабық түрде өтіп жатыр, журналистер қатыстырылмаған, ал Эпштейн ісінде аты жиі аталатын адамдарды шақыруға жеткілікті әрекет жасалмаған.
Бұған дейін Хиллари мен Билл Клинтон куәлік беруден бас тартқан еді. Кейін олар келісіп, Конгреске жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Билл Клинтон Эпштейнді бұрын танығанын мойындады, бірақ заң бұзушылыққа қатысы жоқ екенін айтты. Ол 20 жыл бұрын Эпштейнмен байланысын үзгенін және сол таныстыққа өкініш білдірді.
Жұма күні Билл Клинтон да куәлік береді деп күтілуде. Бұл — 1983 жылдан бері алғаш рет бұрынғы АҚШ президентінің Конгреске куәлік беруі.
Бүгін, 13:38