Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жапонияның метеорологиялық агенттігі мәліметіне сүйенсек, жерасты дүмпулері 27 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:24-те тіркелген. Токати өңірі аумағында сілкініс қарқыны ұлттық жеті балдық шкала бойынша «күшті 5» деңгейіне жеткен. Мұндай жағдайда адамдарға тірексіз аяқта тік тұру қиынға соғады.
Жер сілкінісінің ошағы шамамен 83 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Hokkaido Electric Power Co. Томари атом электр станциясының штаттық режімде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады, ешқандай ақау анықталмаған.
Бұл жер сілкінісі аймақта сейсмикалық белсенділіктің күшеюіне байланысты жарияланған ескертуден кейін болды. Мұндай ескерту бір апта бұрын Аомори префектурасы аумағында магнитудасы 7,7 болған қуатты жер сілкінісінен кейін енгізілген. Хоккайдо жоғары дайындық режімі сақталған жеті өңірдің қатарына кіреді.
Алғашында жер сілкінісінің магнитудасы 6,1 деп бағаланған, кейін бұл көрсеткіш 6,2-ге нақтыланды.
Айта кетейік, 20 сәуір күні Жапонияда күшті жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланды.
Ал Каспий теңізінде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.