Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Отандастарымыз алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Енді олар Беларуске аттанып, онда 26 сәуірге дейін дайындық жүргізеді. Онда жергілікті командалармен жолдастық кездесу жоспарланған.
Қазақстан құрамасы
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы - «Барыс»), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы - «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі - «Сарыарқа», Қарағанды)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов (барлығы - «Барыс»), Артур Гатиятов, Саян Данияр, Кирилл Ляпунов, Абай Маңғысбаев, Батырлан Муратов, Роман Старченко (барлығы - «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал»).
Ал 26 сәуірде отандастарымыз Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі
2 мамыр. Литва - Қазақстан
3 мамыр. Қазақстан - Жапония
5 мамыр. Қазақстан - Польша
7 мамыр. Украина - Қазақстан
8 мамыр. Қазақстан - Франция.
Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.
Айта кетсек, шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін IA дивизиондағы екінші ойынын Польшаға қарсы өткізеді.