Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін алғашқы ойынын өткізеді

12.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.

Ойындар кестесі

12 сәуір. 19:30. Қазақстан — Латвия
13 сәуір. 19:30. Нидерланд — Қазақстан
15 сәуір. 23:00. Испания — Қазақстан
17 сәуір. 19:30. Қазақстан — Оңтүстік Корея
18 сәуір. 19:30. Ұлыбритания — Қазақстан.

Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі — «Томирис»)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы — «Томирис»), Катрин Мескини Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);

Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы — «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»).

Отандастарымыз наурыз айының аяғынан Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін бастап кеткен еді. Одан кейін ұлттық құрама Испанияға аттанып, әзірлігін одан әрі жалғастырды.

Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Астана қаласында әлем чемпионатына дайындық аясында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью