Хоккейден ӘЧ: Қазақстан U18 құрамасы Польшаны ірі есеппен жеңді

20.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Отандастарымыз элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Мажарстан, Польша, Украина, Польша, Словения құрамаларымен сарапқа салады.

Кездесу барысында отандастарымыз жинақы қимыл көрсетті. Бірінші және екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсыласқа үш гол соқса, өз қақпасына бір гол жіберіп алды. Үшінші кезеңде Польша қақпасына жауапсыз жеті гол салды.

Қазақстан — Польша 10:2 (2:1, 1:1, 7:0)

0:1 — Всол (Галант, Давид) — 03:51
1:1 — Ким (Серебряков, Громов) — 09:03 ГБ
2:1 — Кравченко (Бигаринов, Тілеухан) — 13:35
2:2 — Танчык (Мышка, Тынски) — 27:25 ГБ
3:2 — Громов (Ануфриев, Евплов) — 36:44
4:2 — Гридасов (Қайыржан, Гасников) — 42:05
5:2 — Громов (Серебряков, Ким) — 42:17
6:2 — Ахмутинов (Байкен, Тұрсынов) — 48:33
7:2 — Гридасов (Қайыржан, Коленко) — 49:51
8:2 — Бигаринов (Евплов) — 52:04
9:2 — Евплов (Бигаринов) — 57:54
10:2 — Тлеухан (Евплов) — 59:54

Қақпашылар: Рахымжан — Рыдзон (Ющчик, 42:05).

Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 10:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ бүгін бұл топта Швейцария Словенияны 10:2, Мажарстан Украинаны 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Қазірге дейін құрамалар екі мәрте кездескен еді. Екеуінде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетті.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Мажарстан құрамасынан 5:2 есебімен басым түсті.

Енді отандастарымыз 21 сәуірде Украина, 23 сәуірде Швейцария, 24 сәуірде Словениямен шеберлік байқасады. 

Турнир 18-24 сәуір күндері Польшаның Крыница қаласында өтеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью