Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші мәрте жеңіске жетті

20.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кездесу барысында латвиялық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Одан кейін отандастарымыз қатарынан тоғыз шайба соғып кетті. Олардың арасынан София Муравьева хет-трик авторы атанса, София Зубкова мен Рената Лившиц екі-екіден гол соқты.

Сондай-ақ, Василиса Шуклина, Анфиса Новикова бір-бір мәрте мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласын 9:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Қазақстан – Латвия 9:1 (2:1, 2:0, 5:0)

0:1 – 12:19 – Зелюбовска (Нейберга, Дуце)

1:1 – 15:52 – Муравьева (Зубкова)

2:1 – 18:00 – Шуклина (Новикова)

3:1 – 34:14 – Муравьева (Зубкова, Лившиц)

4:1 – 37:18 – Зубкова

5:1 – 44:14 – Лившиц (Муравьева)

6:1 – 45:52 – Зубкова (Муравьева, Куклина)

7:1 – 47:14 – Лившиц (Муравьева, Нигматуллина)

8:1 – 56:24 – Новикова (Муравьева, Зубкова)

9:1 – 59:15 – Муравьева (Зубкова)

Қақпашылар: Яковлева – Казе (Путриниеце, 40:00-60:00).

Енді отандастарымыз 22 қаңтарда Түркия, 23 қаңтарда Нидерланд, 25 қаңтарда Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Еске салсақ, олар бұдан бұрын Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью