Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: sports.kz
Канаданың Торонто қаласында өткен кездесуде жалғыз голды 54-минутта Анте Будимир соғып, хорваттарға маңызды 3 ұпай сыйлады.
Осы нәтижеден кейін L тобында Англия мен Гана құрамалары 4 ұпайдан жинап, көш бастап тұр. Хорватияның еншісінде 3 ұпай болса, Панама екі турдан кейін ұпайсыз қалып, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.
Роналду дубль жасады: Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соқты
Топтық кезеңнің соңғы турында Панама Англиямен кездессе, Хорватия Ганамен күш сынасады. Шешуші матчтар 28 маусымға қараған түні өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Хорватия Англияға 4:2 есебімен есе жіберген еді. Матчта Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн дубль авторы атанып, әлем чемпионаттарындағы 10-голын соқты. Ал Панама Ганаға қарсы ойынның соңғы минуттарында басымдықты уысынан шығарып алды. Қосымша уақыттың 5-минутында қарсылас қақпасынан саңылау тапқан Калеб Йиренки мүмкіндікті мүлт жібермей, Ганаға жеңіс сыйлады.