Хромтау әкімі қамауға алынды

11.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысы Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақтөбе облысы сотының мәліметінше ол пара алды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен әкім екі айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты облыстық сот растады.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы "Пара алу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша Шабықбаев жергілікті кәсіпкерлердің бірінен заңсыз сыйақы алған.

40 жастағы Сағындық Шабықбаев қала әкімі болып екі жыл бұрын тағайындалған. Оған дейін әкімнің орынбасары қызметін атқарған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью