Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 20 қазанда болған.
"Шахтада сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде кеншінің үстіне тау-кен массасы опырылып құлаған. Ұңғылаушы ауыр жарақаттан қаза тапты", - деп жазды компания.
Полиция тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Комбинат марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеміз деп отыр.