Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Хромтауда ер адам 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу және процестік іс-әрекеттер кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процеске қатысушылардың барлық дәлелі тексеріліп, айғақтар жиналып және талдануда.
Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерделеп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңды және негізделген процестік шешім қабылданады.
Тергеу мүддесіне сәйкес, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етілмейді.