Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

20.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Хромтау қаласында қоғамдық тамақтану нысанында газ жарылысы болып, бес адам зардап шекті. Оқиға 19 қаңтар күні шамамен сағат 17:45-те болған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: видеодан алынған кадр

Актөбе облысындағы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ғимаратта ыстық сумен жабдықтауға пайдаланылған газ жабдығы жарылған.

«12 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасының кенет тұтануы салдарынан газ бен жалын сыртқа шығып, соның салдарынан ғимарат опырылған», делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында жылу қазандығы жарылды

Оқиға орнына қатысты бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Жарылыс көпқабатты тұрғын үйлердің маңында орналасқан бір қабатты шағын ғимаратта болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күші соншалық, жақын маңдағы бірнеше подъездің терезелері сынған. Жарылыстың өзі де бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Түркістан облысында бір отбасының үш адамы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, аудандық ауруханаға күйік жарақатымен бес адам жеткізілген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, денесінің шамамен 20 пайызы күйген. Тағы төрт адам травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Шымкентте бір отбасының сегіз мүшесі газдан уланды

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью