Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Еуропалық одақтың ең ірі ғылыми-инновациялық бастамасы – Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінде жеңіске жетті. Бұл жетістік Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделінің артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған жеңіс аясында университет HUMAN-AI атты халықаралық ғылыми жобаның консорциумына ресми түрде қосылды. Жоба жасанды интеллектінің білім беру, ғылым және қоғамға әсерін ескере отырып, жоғары білім беру жүйесін жаңа жаһандық талаптарға бейімдеуге бағытталған.
HUMAN-AI жобасының негізгі мақсаты – жоғары білім беруде жасанды интеллектіні этикалық, адамға бағдарланған және жауапты түрде қолданудың кешенді моделін әзірлеу. Жоба шеңберінде AI-ға бейімделген инновациялық оқыту стратегияларын дамыту, академиялық ортаға сай soft skills жүйесін қалыптастыру, оқу бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарымен үйлестіру көзделген. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты адамгершілік құндылықтармен және жауапты пайдаланумен ұштастыру, технологиялық өзгерістер жағдайында білім берудегі «адам факторын» сақтау мәселелері зерттеледі.
Шығыс Қазақстан техникалық университеті Horizon Europe жеңімпазы атанды
HUMAN-AI – халықаралық деңгейдегі ауқымды жоба. Консорциум құрамына Польша, Эстония, Португалия, Нидерланд, Словакия, Украина, Түркия, Қазақстан, Таиланд және Бразилия елдерінен жетекші ғылыми және білім беру ұйымдары енген. Қазақстан тарапынан жобаны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы басқарады.
Бұл жетістік Қазақстанның халықаралық ғылыми қауымдастықтағы позициясын нығайтып, еліміздің жоғары білікті кадрлық әлеуеті мен ғылыми әзірлемелері бар сенімді ғылыми-технологиялық серіктес ретінде танылып отырғанын дәлелдейді.
Заңсыз жекешелендіру: Қыздар педагогикалық университетінің ғимараты мемлекет меншігіне өтті
Айта кетейік, бұл – Horizon Europe бағдарламасы аясында Қазақстаннан мақұлданған екінші жоба. Аталған жаңалық еліміздің еуропалық ғылыми кеңістікте тек қатысушы ғана емес, толыққанды әрі сенімді серіктеске айналып келе жатқанын көрсетеді.
Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Smart-аудитория ашылды
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Роналду «Әл-Наср» клубына қандай талап қойды?
Әлем • Бүгін, 15:44
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Өнер • Бүгін, 15:25
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Білім • Бүгін, 15:11
Алматы • Бүгін, 15:02
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Ыстықкөлдегі курорттық нысандар қашан жаңғыртылады?
Сенат • Бүгін, 14:15
Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:01
Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:51
Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді
Қоғам • Бүгін, 12:47
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:12
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?
Экономика • Бүгін, 12:02