ХВҚ Алматы орталығында қанша маман біліктілігін арттырды

01.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

- Нақты деректерге сүйенсек, 5 жылдың ішінде 1 170 маман оқудан өтті. Оның ішінде Ұлттық банктен – 476, Ұлттық статистика бюросынан – 118, Қражы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен – 109, Мемлекеттік кірістер комитетінен – 65, Қаржы министрлігінің орталық аппаратынан – 63, Ұлттық экономика министрлігінен – 39 маман. Оқу бағыттары - макроэкономикалық, ақша-кредит және фискалдық саясат, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік қаржы мен борышты басқару, қаржылық реттеу мен қадағалау, мемлекеттік қаржы төлем балансы және статистика, орталық банктердің цифрлық валюталары, яғни, цифрлық теңге, цифрлық төлемдер және финтех, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, Ұлттық банк Бюджет, Салық кодекстерін, Банктер туралы заңды қабылдамас бұрын аталған орталықтың мамандармен алдын ала ақылдасты.

- Осы заңдарды қабылдадық. Енді қалай жүзеге асырылатынын көреміз, яғни одан кейін бағалауға мүмкіндік болады, - деді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі меморандумды ратификациялау туралы» Заң қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью