I тоқсан қорытындысы: Спортшылар ел қоржынына 200 медаль салды

06.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы 200 медаль (79 алтын, 57 күміс және 64 қола) олжалаған ұлттық құрама ел абыройын асқақтатты, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жазғы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортшыларымыз 138 медаль (51 алтын, 39 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның әлемдік спорттағы тұрақты өсімін көрсететін маңызды көрсеткіш.

Ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалмады. Қазақстан құрамасы 22 медаль иеленіп (9 алтын, 6 күміс, 7 қола), дәстүрлі спорттың дамып келе жатқанын дәлелдеді. Бұл бағыт ұлттық мұраны сақтаумен қатар, халықаралық деңгейде де танытуға мүмкіндік беріп отыр.

Параспортшылар да жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы 34 медаль (15 алтын, 10 күміс, 9 қола) жеңіп алған олар ел мерейін асырды. Оның ішінде:

Паралимпиадалық спорт түрлерінде – 24 медаль (7 алтын, 8 күміс, 9 қола) Паралимпиадалық емес бағытта – 10 медаль (8 алтын, 2 күміс)

Бұл көрсеткіш инклюзивті спорттың қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.

Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?

Қысқы спорт түрлерінде де жетістік бар. Спортшыларымыз 6 медаль (4 алтын, 2 күміс) жеңіп алды. Бұл Қазақстанның қысқы спорттағы әлеуетін айқындай түседі.

Бірқатар жас спортшы халықаралық додаларда топ жарды:

Велотректен Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен Азия чемпионатында командалық із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алды. Фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Асан Асылхан (103,35 ұпай) алтын, ал Дінмұхамед Райымқұлов (92,82 ұпай) күміс жүлдегер атанды. Спорттық гимнастикадан Милад Карими Баку қаласында өткен Әлем кубогінде 2 күміс медаль иеленді. Конькиші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлемнің абсолютті чемпионы атанып, 5 алтын медаль жеңіп алды. Бұл – отандық спорт тарихындағы айтулы жетістік.

Сала министрлігі спортшыларды даярлау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл – алдағы кезеңде де Қазақстан спортшыларының жеңісті жолына негіз болмақ.

Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді

Соңғы жаңалықтар

6 жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын босап шыға ала ма? Прокуратура түсініктеме берді

Қоғам • Бүгін, 12:57

Заңсыз кәсіпкерлік: Трансұлттық қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Заң • Бүгін, 12:40

«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:33

Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:17

«Алтын доп» – 2026 жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды

Әлем • Бүгін, 12:05

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді

Бокс • Бүгін, 11:43

Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильон салынып жатыр

Алматы • Бүгін, 11:23

АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды

Әлем • Бүгін, 11:15

Ақтауда жер сілкінуі мүмкін бе? ТЖД желіде тараған хабарламаға қатысты жауап берді

Аймақтар • Бүгін, 11:10

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Алтын мен ақшаны қолды қылған: Алматы облысында 9 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды

Заң • Бүгін, 10:59

Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Ата заң • Бүгін, 10:46

Алматыда жұрттың мазасын алған шетел азаматтары елден шығарылды

Алматы • Бүгін, 10:37

WTA рейтингі: Юлия Путинцева бірден 65 сатыға жоғарылады

Теннис • Бүгін, 10:30

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью