Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінен шығып қалды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінен шығып қалды, деп хабарлайды Tengri Sport.
IBF Жәнібек Әлімханұлының қанынан тыйым салынған препарат — мельдоний табылғаны туралы жаңалықтан кейін оны чемпиондық белбеуінен айырды.
Халықаралық бокс федерациясы орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, бұл тізімде қазақстандық спортшы жоқ.
Енді IBF белбеуі бос, рейтингтің бірінші сатысы да бос тұр. Екінші орында италиялық орта салмақтағы боксшы Этиноза Олиха жайғасса, үшінші сатыға жеңіліп көрмеген ирландиялық Аарон Маккенна тұрақтады.
Скриншот: ibf-usba-boxing.com
Жәнібек Әлімханұлының допинг дауыЕске сала кетейік, Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған кубалық Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда пайда болды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
VADA антидопинг комиссиясының мәлімдемесінен кейін бірден боксшыны шеттету туралы шешім қабылданып, ұзаққа созылған тергеу басталды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
2026 жылдың басында ашылған B сынамасы Әлімханұлының ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін растады.
Кейін WBO Жәнібек Әлімханұлына Дензел Бентли мен Эндри Сааведра текетіресінің жеңімпазымен жекпе-жекте титулын қорғауды міндеттеді.
Қазақстандық боксшы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілген, бұл мерзім аяқталғаннан кейін Жәнібекті Бентлимен қарымта кездесу күтіп тұр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру