Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Бас прокуратура интернет-алаяқтық жағдайларының көбейгенін мәлімдеп, азаматтарды сақ болуға шақырды. Ведомствоның хабарлауынша, алаяқтар танымал бұлттық сервистердің атын жамылып, пайдаланушылардың жеке деректері мен қаражатын иемденуді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әсіресе Apple құрылғылары мен iCloud бұлттық қызметін қолданушыларға бағытталған жаңа фишингтік схема тіркелген. Алаяқтар iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған хабарламалар таратып, электронды пошта, SMS және push-ескертулер арқылы адамдарды алдауға тырысады.
Хабарламаларда әдетте «бұлттық жад толып қалды», «аккаунт бұғатталуы мүмкін» немесе «деректер өшіріледі» деген мазмұн көрсетіледі. Мұндай қорқыту арқылы пайдаланушыны жедел әрекет етуге итермелейді.
Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды
Жалған хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы өткен адамнан аккаунт деректерін, құпиясөзін және тіпті банк картасы туралы ақпаратты енгізу сұралады. Алайда бұл сілтеме ресми сервиске емес, сыртқы фишингтік сайтқа бағыттайды. Нәтижесінде барлық енгізілген мәліметтер алаяқтардың қолына түседі.
Мамандардың айтуынша, мұндай схема тек iCloud-пен шектелмейді. Алаяқтар Google Drive, Mail.ru және Яндекс Диск сияқты танымал сервистердің атын пайдаланып, кең ауқымды шабуылдар жасап отыр.
Қауіптің алдын алу үшін мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, аккаунт жағдайын тек ресми қосымша немесе сайт арқылы тексеруге, екі факторлы қорғауды қосуға және әр сервиске бөлек күрделі құпиясөз қолдану керек.
Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді
Егер аккаунтыңыз бұзылды деген күдік туындаса, мамандар келесі әрекеттерді дереу орындауға кеңес береді:
Құпиясөзді өзгерту (күрделірек нұсқасына); Барлық құрылғылардан шығу; Төлем деректерін тексеру; Ресми қолдау қызметіне жүгіну.Бас прокуратура кез келген «аккаунт бұғатталады» немесе «деректер өшіріледі» деген хабарламаларды тек ресми дереккөздер арқылы тексеру керектігін қатаң ескертеді.
Соңғы жаңалықтар
Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
Бокс • Бүгін, 13:49
Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді
Оқиға • Бүгін, 13:25
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:03
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Саясат • Бүгін, 13:00
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:53
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Заң • Бүгін, 12:35
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қоғам • Бүгін, 12:13
Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:02
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 11:58
Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті
Әлем • Бүгін, 11:42
Екібастұзда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер ұсталды
Медицина • Бүгін, 11:35
Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек
Энергетика • Бүгін, 11:03
Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 10:45