Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жоба өңірде креативті индустрияларды дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және заманауи орта қалыптастыруға бағытталған. Жалпы аумағы шамамен 1600 шаршы метрді құрайтын кеңістік коворкинг аймақтары, медиа студиялар, оқу аудиториялары мен конференц-залдарды қамтиды.
Фото: Атырау облысының әкімдігіАйта кету керек, бұған дейін өңірде шығармашыл жастарды біріктіретін мұндай кешенді алаң болмаған. Жаңа хаб осы олқылықтың орнын толтырып, идеяларды нақты жобаға айналдыруға мүмкіндік береді.
Фото: Атырау облысының әкімдігіНысанды аралап, жастармен тілдескен облыс әкімі Серік Шәпкенов креативті индустрияның маңызын атап өтті.
Фото: Атырау облысының әкімдігіФото: Атырау облысының әкімдігі— Бұл бағыт жастардың әлеуетін ашып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұндай орталық өңірдің дамуына серпін береді. Әкімдік тарапынан қажетті техникамен қамтуға көмектесеміз, — деді ол.
Хаб жастардың білім алып, тәжірибе алмасуына және жаңа жобаларды іске асыруына жағдай жасап, олардың өңірде тұрақтауына ықпал етеді. Ашылу күні креативті дамыту қорының өкілдерімен кездесу, қыш, киіз басу, зергерлік бұйымдар жасау өнерінен шеберлік сабақтары, кітапсүйер қауымның интерактив форматында талқылауы өтті.
Фото: Атырау облысының әкімдігіБұған дейін Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойған еді.