Игі істің иесі

28.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгінде Қостанай облысында 85 мыңнан аса украин ұлтының өкілі тұрып жатыр. Олар­дың ішінде ел қатарлы адал еңбек етіп жүрген қа­рапайым жандар, ел дамуына елеулі үлес қосып жүр­­ген кәсіп­­­­керлер, түрлі сала­да жо­ғары жетістікке жеткен үл­гілі аза­­маттар көп.

Соның бірі – белгілі кәсіпкер, облыс мәсли­ха­тының депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі, өзі ең­сесін көтерген көпэтносты ауыл­дың жалғыз мектебін мемлекеттік тілде білім беретін білім ордасына айнал­дырып, қазақтың салт-дәс­түрін дәріптеп жүрген елшіл азамат Валерий Розумович.

– Бүкіл ғұмырым осы елде, осы жерде өтіп жатыр. 12 жастан ең­­бек­ке араластым. Еңбегім жанып, кәсібімді дөңгелетіп, табысымның бір бөлігін ел игілігіне жаратып жатырмын. Адамға бұдан артық не керек? Көзім жеткені, тарихтың қилы кезеңдерінде тағдыр айдап келіп, осында біржола тұрақтап қалған сан этностың қай-қайсысын болсын, жатсынбай бауырына басқан кеңпейілді қазақ халқына, қазақ топырағына қарыздар екенімізді әсте естен шығармауымыз керек. Картаны ашып қарасаңыз, алуан этностың басын қосып, айрандай ұйып отырған бейбіт елді еш жерден таба алмайсыз, бұл тек Қазақстанда ғана бар. Біздің басты байлығымыз да осы ынтымақ-бірлігімізде жатыр. Сондықтан Алғыс күнінің маңызы ерекше. Мәселен, қазіргі қолданыстағы Кон­ституцияда өзімізді ортақ та­рихи тағдыр біріктірген халық ретінде танып келсек, осы тату тұрмыс-тіршілігіміздің арқасында бүгінге дейін біртұтас халық болып қалыптастық, оны жаңа Конституция жобасында бекітіп отырмыз. Бұл қазынамызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек, – деді кәсіпкер.

Валерий Розумович – қазақ хал­қы­на деген ризашылығын сөзбен емес, нақты ісімен көрсетіп, оның дұ­рыс­тығын дәлелдеп келе жатқан азамат. Кәсіпкер бас-аяғы бес-алты жылдың ішінде хал­қы­ның дені қалаға көшіп, үйлері қаңырап қалған Жуков ауылына ел қон­дырып, қайта түлетті. Бүгін­де бұл ауылдың берекелі тір­шілігіне адам қызығады. Іскер азамат ескі үй­дің бәрін сүріп тастап, орнына жаңа үй салып қойған. Ауыл тұр­ғындары кәсіпкер бас­қа­ратын шар­уашылықта, бор­да­­қылау алаңын­да, құс фермасында жұ­мыс істейді. Ең бастысы –
ха­лық­тың тұрақты жұмысы, ла­йықты жалақысы бар. Үйіне газ-суы кіріп тұр. Ауылдың іші-сырты – тап-тұйнақтай. Мед­пункт, мектеп, ауыл клубы, әмбе­бап дү­кені жұмыс істеп тұр. Өткен жылы ғана жаңа балабақша іске қосылды.

Ең бастысы, мұндағы жалғыз мектеп мемлекеттік тілде білім беруге көшкен. Осы ауылда тұратын он шақты этностың баласы бір партада отыр. Қазір ауыл мектебінің бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші сыныптары тек қазақ тілінде білім алып жатыр. Енді 5-6 жылдан кейін мектеп толықтай мемлекеттік тілде білім береді.

– Тіл – ынтымаққа, бірлікке жол ашатын басты құрал. Жуков ауылында жаз бойы этноауыл жұмыс істейді. Қаптатып киіз үй тігіп тастаймыз. Балалар сол жерде қазақтың салт-дәстүрін үйренеді. Амандық болса, алдағы уақытта ауыл­да жазғы демалыс орнын ашып, жаз бойы балаларға қазақ тілін үйретуді жоспарлап отырмыз, – деді кәсіпкер.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью