Игілігі көп инфрақұрылым

29.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақтөбе облысының Полтавка ауылында табиғи газ іске қосылды. Жобаның құны – 581,4 млн теңге. Газбен қамту аясында 6,4 шақырым газ құбыры тартылып, инженерлік инфрақұрылым толықтай салынды. Нәтижесінде, 99 аула мен 316 тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Осылайша, өңірді газбен қамтамасыз ету деңгейі 97,5%-ға жетті.

Алматы облысының Бесағаш ауылында тозу деңгейі 95%-ға жеткен 1975 жылы салынған су құбырының орнына ұзындығы 32 шақырымнан асатын жаңа құбыр салынды. Нәтижесінде, 800-ден астам абонент, яғни, 3,8 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Сонымен қатар өңірде Тұздыбастау ауылында 127 шақы­рым су құбырын жаңғырту мен қосымша трансформаторлар орнату жобалары аяқталып жатыр.

Ақмола облысының Держа­винск қаласында күнделікті 30-ға жуық адамды қабылдай алатын Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Орталықта жаттығу залы, йогаға арналған аймақтар, үстел ойындары мен қолөнер шеберханасы, сондай-ақ вокал студиясы жабдықталған. Нысан ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында балалар музыка мектебі және балалар шығармашылығы орталығымен бір ғимаратта орналасқан.

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 500-ге жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арнал­ған бейімделген спорт негіз­дері­не оқудан өтеді. Жоба аясында өңір­дегі әрбір мектепте арнайы даяр­ланған маман болады. Соны­мен қатар аталған курс екі жер­гілікті колледждің оқу бағдар­ламасына енгізіледі. Бұдан бөлек, облыста бейімделген спорт сек­ция­ларының желісі мен инклюзивт­і «Жасыл ел» еңбек жасақтарына қатысушылар саны кеңейтіліп жатыр.

Павлодар облысының Баянауыл курорттық аймағында ауданы 740 шаршы метр болатын заманауи Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды. Нысан цифрлық технологиялармен және жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған. Жоба өңірдің туристік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аясында жүзеге асырылды. Оның құрамына жаңа кіреберіс стеласы мен демалыс аймақтарын абаттандыру жұмысы да кіреді. Кешенді жаңғырту нәтижесінде биыл өңірге келетін туристер саны 300 мың адамға дейін артады деп күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью