Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32-бабына сәйкес барлық құқық қорғау және арнайы қызмет қызметкерлері Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жалпы негіздер бойынша тартылады, - деп жазады министрлік мамандары.
Жауапта жол ережесін бұзған автокөліктер қымбат, арзан деп бөлінбейтіні айтылады. Сондай-ақ «автожарыстар» туралы ақпарат расталмаған.
– Алматы қаласында және облысындағы рейдтер қорытындысында заңсыз көлік жарысын ұйымдастыру қалыпты жағдайға айналып кеткені туралы мәліметтер анықталған жоқ, - делінген министрлік мәліметінде.
Еске салсақ, наурыз айында Алматыдағы жол апатынан үш адам қаза тауып, қаладағы қоғамдық тәртіпті күшейту үшін Астана мен бірнеше өңірден арнайы рейд барған. Қайғылы оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, «көлік апаты түнгі жарыс кезінде болды» деген нұсқа көп айтылды.