ІІМ Ақтөбе облысындағы жол көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді

23.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен жөнелтілді.

— Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі.

Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті шараны орындау үшін тиісті шаралар қабылданатын болады, — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. 

Айта кетелік Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапқан еді. Жол апатынан аман қалған үш адамның жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы орташа

Сондай-ақ Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью